Ешуа 12:1—24
12 Исраилдіктер Иорданның шығыс жағында, Арнон аңғарынан+ Хермон тауына дейінгі жер+ мен шығысқа қарай бүкіл Араба жерінде, екі патшаны жеңіп, жерлерін жаулап алды+.
2 Олардың бірі — Хешбонда тұрған аморлықтардың патшасы Сихон+. Оның қол астында келесі аймақтар болды: Арнон аңғарымен ұштасып жатқан Арогер қаласы+; Арнон аңғарының+ ортасынан аммондықтардың шегарасы болған Ябок аңғарына дейінгі Ғалақат жерінің жартысы;
3 сондай-ақ Арабаның шығысындағы Кинерет теңізіне*+ дейінгі жер, ал шығыстан Бет-Ешимотқа қарай Арабадағы Тұзды теңізге* және Физга жоталарына+ дейінгі жерлер де соның билігінде болды.
4 Ал екіншісі — Аштарот пен Едрейде тұрған әрі рефаимдердің соңғысы болған+ Башан патшасы Ог+.
5 Оның қол астында мына аймақтар болды: Хермон тауы, Салка қаласы, гесурліктер мен мағақаттықтардың+ шегарасына дейінгі бүкіл Башан жері+ және Ғалақаттың жартысы, яғни оның Хешбон патшасы Сихонның жеріне дейінгі жартысы+.
6 Бұл патшаларды Ехобаның қызметшісі Мұса мен исраилдіктер жеңді+. Сосын Ехобаның қызметшісі Мұса олардың жерін рубендіктер мен ғадтықтарға және манаса руының жартысына иелікке берді+.
7 Ал Ешуа мен исраилдіктер жеңген патшалар мен олардың жерлері мынау: Иорданның батысында орналасқан Ливан аңғарындағы+ Бағал-Ғадтан+ Сейірге+ қарай көтерілетін Халақ тауына+ дейінгі жер. Ешуа оны Исраил руларының иелігіне бөліп берді+.
8 Бұл таулы өңірдегі, Шефеладағы, Арабадағы, жоталар мен шөл даладағы және Негевтегі+ хеттіктер, аморлықтар+, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер мен ебустіктердің жерлері еді+. Олардың патшалары мыналар:
9 Иерихонның патшасы+, Бетелдің маңындағы Гай қаласының патшасы+,
10 Иерусалим патшасы, Хеброн патшасы+,
11 Ярмұт патшасы, Лахиш патшасы,
12 Еглон патшасы, Гезер патшасы+,
13 Дебир патшасы+, Гедер патшасы,
14 Хорма патшасы, Арат патшасы,
15 Либна патшасы+, Адоллам патшасы,
16 Макед патшасы+, Бетел патшасы+,
17 Тапуах патшасы, Хефер патшасы,
18 Әфек патшасы, Лашарон патшасы,
19 Мадон патшасы, Хасор патшасы+,
20 Шимрон-Мерон патшасы, Ақшаф патшасы,
21 Танақ патшасы, Мегиддо патшасы,
22 Кедеш патшасы, Кармилдегі Екнеғам патшасы+,
23 Дор жотасындағы Дор патшасы+, Ғылғалдағы Ғойым патшасы,
24 Тирса патшасы — барлығы 31 патша.