Ешуа 15:1—63

  • Яһуданың мұралы иелігі (1—12)

  • Халептің қызына жер берілді (13—19)

  • Яһудаға берілген қалалар (20—63)

15  Яһуда руының әулеттеріне жеребе бойынша+ Едомның+, яки Зин шөлінің, шегарасы мен Негевтің оңтүстік шегарасына дейінгі жер тиді.  Оңтүстік шегарасы Тұзды теңіздің жағалауынан+, яғни оңтүстік шығанағынан басталып  оңтүстікке бойлай түсетін де, Акраб асуынан+ өтіп, Зинге беттейтін, одан Қадеш-Барниға+ өрлеп, Хесроннан өтетін де, Адарға көтеріліп, Каркаға бұрылатын.  Сосын Азмоннан+ өтіп, Мысыр өзен аңғарына*+ қарай созылып, теңізге* келіп тірелетін. Бұл олардың оңтүстік шегарасы еді.  Шығыс шегарасы Тұзды теңізден* Иордан өзенінің сағасына дейін созылатын. Ал солтүстік шегарасы теңіз шығанағынан, яғни Иордан сағасынан+ басталып  Бет-Хоглаға+ көтерілетін де, Бет-Арабаның+ солтүстігінен өтетін. Сосын Рубен ұлы Боханның тасына+ қарай өрлейтін.  Әрі қарай Ахор аңғарындағы+ Дебирге көтеріліп, солтүстікке, яғни аңғардың оңтүстігіндегі Адумим қырының алдында жатқан Ғылғалға+ қарай бұрылатын. Ол жерден Ен-Шемеш+ суларына қарай созылып, Ен-Рогелге+ келіп тірелетін.  Бұдан кейін Бен-Хенном аңғарына+, ебустіктердің+ оңтүстік жотасына, яғни Иерусалимге+ қарай өрлеп, Рефаимдер аңғарының солтүстік шетінде орналасқан әрі Бен-Хенном аңғарының батысына қарап тұрған тау басына қарай көтерілетін.  Ал тау басынан Нефтоғақ бұлағына+ қарай, одан Ефрон тауындағы қалаларға қарай созылатын. Ол жерден Бағалахқа, яғни Кирият-Еғаримге+ қарай беттейтін. 10  Бағалахтан батысқа, Сейір тауына бұрылып, Жағар тауының солтүстік жотасына, яғни Кесалонға қарай өтіп, Бет-Шамишке+ түсетін де, Тимнаны+ кесіп өтетін. 11  Сосын Екронның+ солтүстік жотасына келетін де, Шикеронға қарай созылатын, әрі қарай Бағалах тауынан өтіп, Ябнехелге дейін жеткен соң, теңізге барып тірелетін. 12  Батыстағы шегарасы болса Ұлы теңіздің* жағалауымен созылып жататын+. Яһуда әулеттерінің шегаралары осы еді. 13  Ешуа Епунех ұлы Халепке+ Ехобаның бұйрығы бойынша, Яһуда ұрпақтарының арасынан үлес ретінде Кирият-Арбаны (Арба Енактың әкесі болған), яки Хебронды+ берді. 14  Халеп ол жерден Енактың+ үш ұлын — Шешай, Ахиман және Талмай деген енактарды қуып шықты+. 15  Содан кейін ол Дебирге+ (Дебир бұрын Кирият-Сефер деп аталатын) көтеріліп, оның тұрғындарымен соғыспақ болды. 16  Халеп: “Кімде-кім Кирият-Сеферді басып алса, мен оған қызым Ахсаны әйелдікке беремін”,— деді. 17  Сонда Халептің інісі Кеназдың ұлы+ Отниел+ қаланы басып алды. Халеп болса оған қызын+ берді. 18  Ахса қайын жұртына кетіп бара жатқанда, күйеуін қайын атасы Халептен танап сұрауға көндірді. Ахса есегінен түскенде*, әкесі одан: “Не қалайсың?”— деп сұрады+. 19  Ол: “Батаңызды бере көріңіз. Сіз маған оңтүстіктен жер* берген едіңіз, енді Ғылот-Маимді* де берсеңіз екен”,— деді. Әкесі оған Жоғарғы Ғылот пен Төменгі Ғылотты берді. 20  Яһуда руының әулеттерінің мұралы иелігі төмендегідей. 21  Едом+ шегарасының маңынан яһуда руына тиген үлестің оңтүстік шетінде мынадай қалалар болатын: Кәбсел, Едер, Яғұр, 22  Кина, Димона, Адада, 23  Кедеш, Хасор, Етнан, 24  Зиф, Телем, Беғалот, 25  Хасор-Хадата, Кериот-Хесрон, яғни Хасор, 26  Амам, Шема, Моладах+, 27  Хасар-Ғадда, Хешмон, Бет-Пәлет+, 28  Хасар-Шуал, Бер-Шеба+, Бизиотея, 29  Бағалах, Яим, Езем, 30  Елтолад, Кесил, Хорма+, 31  Секелаг+, Мадманах, Сансана, 32  Лебағот, Шілкім, Айын, Римон+ — бас-аяғы 29 қала және елді мекендер. 33  Шефелада+ келесі қалалар: Ештағол, Сора+, Ашна, 34  Заноах, Ен-Ганним, Тапуах, Енам, 35  Ярмұт, Адоллам+, Соқот, Әзек+, 36  Шағарим+, Адитаим, Гедера және Гедеротаим* — бас-аяғы 14 қала және елді мекендер; 37  Сенан, Қадаша, Мигдал-Ғад, 38  Дилан, Миспа, Ектехел, 39  Лахиш+, Босқат, Еглон, 40  Кабон, Лакмас, Китлиш, 41  Гедерот, Бет-Дагон, Нағама мен Макед+ — бас-аяғы 16 қала және елді мекендер; 42  Либна+, Етер, Ашан+, 43  Ифта, Ашна, Несиб, 44  Кеил, Ақзип және Марешах — бас-аяғы тоғыз қала және елді мекендер; 45  Екрон мен оның қарамағындағы қалашықтар мен елді мекендер; 46  Екроннан батысқа қарай Азот аймағындағы барлық жерлер мен елді мекендер; 47  Азот+ пен оның қарамағындағы қалашықтар мен елді мекендер; Газа+ мен оның қарамағындағы қалашықтар мен елді мекендерді қоса алғанда, Мысыр өзен аңғары мен Ұлы теңіздің жағалауына дейінгі аймақ+. 48  Таулы өңірде келесі қалалар: Шамир, Ятир+, Соқот, 49  Данна, Кирият-Сана, яғни Дебир, 50  Анаб, Ештемох+, Аним, 51  Гөшен+, Холон, Ғилон+ — бас-аяғы 11 қала және елді мекендер; 52  Арабия, Дума, Ешан, 53  Янум, Бет-Тапуах, Әфека, 54  Хумта, Кирият-Арба, яғни Хеброн+ және Сиор — бас-аяғы тоғыз қала және елді мекендер; 55  Мағон+, Кармил, Зиф+, Ютта, 56  Езрехел, Егдеғам, Заноах, 57  Каин, Гибея және Тимна+ — бас-аяғы 10 қала және елді мекендер; 58  Халхұл, Бет-Сұр, Гедор, 59  Мағарат, Бет-Анот және Елтекон — бас-аяғы алты қала және елді мекендер; 60  Кирият-Бағал, яғни Кирият-Еғарим+ және Рабба — бас-аяғы екі қала және елді мекендер. 61  Шөл далада келесі қалалар: Бет-Араба+, Миддин, Секаха, 62  Нибшан, Тұзды қала және Ен-Геди+ — бас-аяғы алты қала және елді мекендер. 63  Иерусалимде тұратын ебустіктерді+ яһудалықтар қуып жібере алмады+. Ебустіктер әлі күнге дейін яһудалықтармен Иерусалимде тұрып жатыр.

Сілтемелер

Яғни Жерорта теңізіне.
Яғни Өлі теңізден.
Яғни Жерорта теңізінің.
Мүмкін: “есегінде отырып шапалақ қаққанда”.
Немесе “Негевті”.
Мағынасы “су айдыны”.
Мүмкін: “Гедера мен қой қоралары”.