Ешуа 16:1—10

  • Жүсіп ұрпақтарының мұралы иелігі (1—4)

  • Ефремнің мұралы иелігі (5—10)

16  Жеребе+ бойынша Жүсіптің+ ұрпақтарына тиген жер Иерихонның тұсынан Иорданды қуалай отырып, Иерихон суларының шығысына қарай созылатын да, Иерихонға қарсы жатқан шөл дала арқылы Бетелдің+ таулы өңіріне өтетін.  Әрі қарай Лұзға жататын Бетелден Атароттағы архиліктердің шегарасына дейін созылатын.  Одан батысқа қарай яфлеттіктердің шегарасымен ылдилап, Төменгі Бет-Хоронның+ шегарасы мен Гезерге+ дейін ұласатын да, теңізге келіп тірелетін.  Осылайша Жүсіптің ұрпағы+ Манаса мен Ефрем осы жерлерді иеленді+.  Ефремнің ұрпағына әулеттеріне қарай тиген мұралы иеліктің шегарасы мынау: шығыс шегарасы Атарот-Адардан+ Жоғарғы Бет-Хоронға+ өтіп,  теңізге шығатын. Шегараның солтүстігінде Михметат+ жатты, сосын ол шығысқа қарай Тағанат-Шилоға бұрылып, шығыс жаққа, Янұхқа беттейтін.  Янұхтан Атарот пен Нағараға ылдилап, Иерихонға+ дейін жететін де, Иорданға шығатын.  Ал Тапуахтан+ батыстағы Кана өзен аңғарына қарай өтіп, теңізге+ тірелетін. Бұл — Ефрем руының әулеттеріне қарай мұралы иелікке алған жері.  Сондай-ақ манаса руының мұралы иелігінде де Ефрем ұрпақтарына тиесілі қалалар болды+. Осы қалалар мен елді мекендердің бәрі солардың мұралы иелігіне кіретін. 10  Бірақ ефремдіктер Гезерде тұратын қанахандықтарды қуып жібермеді+. Олар әлі күнге дейін араларында басыбайлы қызметшілер+ ретінде өмір сүріп жатыр+.

Сілтемелер