Ешуа 17:1—18

  • Манасаның батыстағы мұралы иелігі (1—13)

  • Жүсіптің ұрпақтарына қосымша жер берілді (14—18)

17  Жүсіптің тұңғышы+ Манасадан+ тараған ру үшін, атап айтқанда Манасаның тұңғышы, Ғалақаттың әкесі Махир+ үшін, жеребе+ тасталды. Ол майталман жауынгер болатын. Оның үлесіне Ғалақат пен Башан тиді+.  Сосын Манасаның ұрпақтарының келесі әулеттері үшін жеребе тасталды: Әбиезер+, Хелек, Әсрейіл, Сихем, Хефер және Шемида. Бұлар Жүсіп ұлы Манасадан тараған ұлдардың әулеттері+.  Манаса ұлы Махир, Махир ұлы Ғалақат, Ғалақат ұлы Хефердің баласы Салопахадтың+ ұлдары болмады. Одан Махла, Ноға, Хогла, Мылқа және Тирса деген қыздар туды.  Олар діни қызметкер Елазарға+, Нұн ұлы Ешуа мен басшыларға келіп: “Ехоба Мұсаға бауырларымыздың арасынан бізге мұралы иелік беруді бұйырған еді”+,— деді. Сөйтіп, Ехобаның бұйрығына сай, әкелерінің еркек кіндікті туысқандары қатарлы оларға да мұралы иелік берілді+.  Манасаның үлесіне Ғалақат пен Башаннан басқа Иорданның арғы бетінен 10 телім жер берілді+.  Себебі манаса руының қыздары да бауырлары сияқты мұралы иелік алды. Ал Манасаның қалған ұрпағына Ғалақат жері тиді.  Манасаның шегарасы Аширден Сихемге+ қарсы жатқан Михметатқа+ дейін созылады да, Ен-Тапуах тұрғындарының жеріне қарай оңтүстікке бұрылады.  Тапуах жері+ манаса руының үлесіне жататын, бірақ шегарадағы Тапуах қаласы Ефремнің ұрпақтарының үлесінде еді.  Сосын шегара оңтүстікке, яғни бойында Манаса жеріндегі Ефремге тиесілі қалалар+ орналасқан Кана өзен аңғарына түсетін де, өзен аңғарының солтүстігін бойлай, теңізге келіп тірелетін+. 10  Оңтүстік жақтағы жер Ефремге, солтүстік жақтағысы Манасаға тиесілі болатын, ал шегаралары теңізбен шектесетін+. Манаса жерінің солтүстігі Ашир, ал шығысы Исахар жерімен шегаралас еді. 11  Исахар мен Ашир жерінде келесі қалалар тұрғындарымен және қарамағындағы қалашықтарымен Манасаға берілді: Бет-Шеған, Иблеғам+, Дор+ және Ендор+, Танақ+ пен Мегиддо, үш қырат. 12  Манаса ұрпақтары бұл қалаларды иелене алмады, сөйтіп, қанахандықтар сол жерде өмір сүре берді+. 13  Исраилдіктер күшейіп алған соң, қанахандықтарды өздеріне басыбайлы қызметші етті+, бірақ оларды жерлерінен түгелдей қуып жібермеді+. 14  Жүсіптің ұрпақтары Ешуаға келіп: “Ехоба жарылқап отырғандықтан, біз үлкен халық болдық емес пе+? Онда неге бізге бір-ақ үлес+ пен бір-ақ телім жер бердің?”— деді. 15  Ешуа былай жауап берді: “Үлкен халық болып, Ефремнің таулы өңірі+ сендерге тарлық етіп жатса, перездіктер+ мен рефаимдердің+ жеріндегі орманға көтеріліңдер де, ағаштарын шауып, сол жерді тазартып, өздеріңе алыңдар”. 16  Бұған олар: “Таулы өңір бізге тарлық қылады, ал аңғарда — Бет-Шеған+ мен қарамағындағы қалашықтарда, Езрехел аңғарында+ — мекендейтін барлық қанахандықтардың орақты соғыс арбалары бар+”,— деді. 17  Сонда Ешуа Жүсіптің ұрпақтары Ефрем мен Манасаға мынаны айтты: “Сендер үлкен әрі өте мықты халықсыңдар. Үлестерің бір-ақ телім жермен шектелмеуі керек+. 18  Сендер таулы өңірді де түгелімен иемденесіңдер+. Бұл орманды жер болғанмен, ағаштарын шауып тазартып аласыңдар. Үлестеріңнің қиыр шегарасы осы болады. Ал қанахандықтарды мықты әрі орақты соғыс арбалары бар болғанына қарамай, қуып жіберіңдер+”.

Сілтемелер