Ешуа 18:1—28
18 Бұдан кейін күллі исраилдіктер Шилода+ бас қосып, сол жерге кездесу шатырын тікті+, себебі жер солардың қолына өтті+.
2 Алайда Исраилдің жеті руының мұралы иеліктері жеребе бойынша әлі бөлінбеген еді.
3 Сондықтан Ешуа оларға былай деді: “Ата-бабаларыңның Құдайы Ехоба өздеріңе берген жерді қашанға дейін иемденбей жүре бересіңдер+?
4 Әр рудан үш адамнан таңдап алыңдар. Олар жерді аралап, мұралы иеліктерге бөлу үшін, оның сипаттамасын жасасын. Сосын маған қайтып келсін.
5 Олар жерді өзара жетіге бөліп алсын+. Яһуда руы өзінің оңтүстіктегі жерінде+, ал Жүсіптің үйі солтүстіктегі өз жерінде тұра берсін+.
6 Сендер болсаңдар жерді жетіге бөліп, сипаттамасын жасап әкеліңдер. Мен Құдайымыз Ехобаның алдында сендер үшін жеребе+ тастаймын.
7 Ал леуіліктерге араларыңнан үлес берілмейді+, өйткені олардың мұралы иелігі — Ехобаның діни қызметкері болу+. Ғад пен рубен руларына және манаса руының жартысына+ болса Ехобаның қызметшісі Мұса үлестерін Иорданның шығыс жағынан беріп қойған”.
8 Содан әлгі кісілер жолға дайындалды. Ешуа оларға мынаны бұйырды: “Барыңдар да, жерді аралап, сипаттамасын жасап әкеліңдер, ал мен осында, Шилода+, Ехобаның алдында сендер үшін жеребе тастаймын”.
9 Сөйтіп, олар жерді аралап, жеті бөлікке бөлді де, ондағы барлық қалалардың сипаттамасын кітапқа түсірді. Сосын Шилодағы қосқа, Ешуаға оралды.
10 Ешуа Шилода олар үшін Ехобаның алдында жеребе тастады+. Осылайша исраилдіктерге үлестеріне қарай жерді бөліп берді+.
11 Бірінші жеребе бениямин руының әулеттеріне түсті. Оларға яһудалықтар+ мен Жүсіп ұрпақтарына+ берілген үлестің арасында жатқан жер тиді.
12 Оның солтүстік шегарасы Иорданнан басталып Иерихонның+ солтүстік жотасына көтерілетін де, батысқа қарай тауға өрлеп, Бет-Әбен қаласы+ орналасқан шөл далаға келіп тірелетін.
13 Әрі қарай Лұзға, оның оңтүстік жотасына, яғни Бетелге+ өтіп, Төменгі Бет-Хоронның+ оңтүстігіндегі тауда орналасқан Атарот-Адарға+ қарай түсетін.
14 Ал батыс жағы оңтүстікке бұрылып, Бет-Хоронға қарсы жатқан таудан оңтүстікке қарай беттейтін де, яһудалықтардың қаласы Кирият-Бағалға, яғни Кирият-Еғаримге+ келіп тірелетін. Шегараның батыс жағы — осы.
15 Ал оңтүстік шегарасы Кирият-Еғаримнің шетінен басталып батысқа қарай өтетін де, Нефтоғақ бұлағына+ қарай созылатын.
16 Сосын Рефаимдер+ аңғарының солтүстігінде орналасқан әрі Бен-Хенном аңғарына+ қарап тұрған таудың етегіне қарай түсетін де, ебустіктердің+ оңтүстік жотасымен ылдилап, Бен-Хенном аңғарынан әрі қарай Ен-Рогелге+ түсетін.
17 Сол жерден солтүстікке қарай Ен-Шемеш пен Адумим қырының+ алдында жатқан Гелилотқа беттеп, Рубен ұлы Боханның+ тасына+ қарай түсетін.
18 Әрі қарай Арабаның алдындағы солтүстік жотадан өтіп, Арабаға қарай ылдилай отырып,
19 Бет-Хогланың+ солтүстік жотасынан өтетін. Содан Тұзды теңіздің*+ солтүстік шығанағының тұсындағы Иорданның оңтүстік сағасына келіп тірелетін. Бұл оңтүстік шегарасы еді.
20 Ал шығыс шегарасы Иордан болатын. Бениямин ұрпақтарының әулеттеріне тиген мұралы иеліктің шегаралары осы еді.
21 Бениямин руына әулеттеріне қарай берілген қалалар мыналар: Иерихон, Бет-Хогла, Емек-Кесис,
22 Бет-Араба+, Семараим, Бетел+,
23 Аббим, Пара, Офра,
24 Кефар-Аммони, Опни, Геба+ — барлығы 12 қала және елді мекендер;
25 Гибеон+, Рамақ, Берот,
26 Миспа, Кефира, Моса,
27 Рекем, Ирпегел, Тарала,
28 Селах+, Елеф, Ебуси, яғни Иерусалим+, Гибея+ және Кирият — барлығы 14 қала және елді мекендер.
Бениямин ұрпақтарының әулеттеріне тиген мұралы иелік осы еді.
Сілтемелер
^ Яғни Өлі теңіздің.