Ешуа 19:1—51
19 Екінші жеребе+ Шимонға, Шимон ұрпақтарының+ әулеттеріне түсті. Олардың үлесі яһуда руының мұралы иелігіндегі жерде болды+.
2 Шимон ұрпақтарының үлесіне мыналар тиді: Шебамен қоса, Бер-Шеба+, Моладах+,
3 Хасар-Шуал+, Балах, Езем+,
4 Елтолад+, Бетул, Хорма,
5 Секелаг+, Бет-Маркабот, Хасар-Суса,
6 Бет-Лебағот+, Шарухен — барлығы 13 қала және елді мекендер;
7 Айын, Римон, Етер, Ашан+ — төрт қала және елді мекендер.
8 Сондай-ақ осы қалалардың Бағалат-Бегерге, яғни оңтүстік Рамаққа дейінгі барлық елді мекендері. Шимон руының әулеттерінің мұралы иелігі осы болды.
9 Олардың мұралы иелігі Яһуданың иелігіндегі жерде еді, себебі Яһуданың үлесі өздері үшін тым үлкен болатын. Сондықтан Шимон ұрпақтары солардың мұралы иелігінен үлес алды+.
10 Үшінші жеребе+ Забулон ұрпақтарының+ әулеттеріне түсті. Олардың мұралы иелігінің шегарасы Саридке дейін созылатын.
11 Әрі қарай батыстағы Маралаға көтеріліп, Дабашетке және Екнеғамның алдындағы аңғарға дейін жететін.
12 Сосын Саридтен кері қарай күншығысқа, Кислот-Табордың шегарасына беттеп, Дабыратқа+ жетіп, Япияға көтерілетін.
13 Сол жерден күншығысқа, Ғат-Кефер+ мен Ет-Касинге қарай созылып, Римонға шығатын да, Неғаға беттейтін.
14 Солтүстік жағы Ханатонға қарай бұрылып, Ифтакел аңғарына келіп тірелетін.
15 Сондай-ақ оларға Катат, Нахалал, Шимрон+, Идала, Бетлехем+ — барлығы 12 қала және елді мекендер тиді.
16 Забулон ұрпақтарының әулеттеріне+ мұралы иелікке осы қалалар мен елді мекендер тиді.
17 Төртінші жеребе+ Исахар+ ұрпақтарының әулеттеріне түсті.
18 Олардың шегарасы келесі жерлерден өтіп жатты: Езрехел+, Кесулот, Шунем+,
19 Хафараим, Шион, Анахарат,
20 Раббит, Кишион, Абес,
21 Ремет, Ен-Ганним+, Ен-Кадах, Бет-Пассес.
22 Сосын шегара Табор+, Шахасима мен Бет-Шамишке дейін созылып, Иорданға жететін. Барлығы 16 қала және елді мекендер.
23 Исахар руының әулеттерінің+ мұралы иелігіне осы қалалар мен елді мекендер тиді.
24 Бесінші жеребе+ ашир руының+ әулеттеріне түсті.
25 Олардың шегарасы келесі жерлерден өтті: Хелкат+, Қали, Бетен, Ақшаф,
26 Аламелек, Амад, Мишал. Ал батыс жағы Кармил+ мен Шихор-Либнатқа жетіп,
27 кері қарай күншығысқа, Бет-Дагонға дейін созылатын. Әрі қарай Забулонға, Ифтакел аңғарының солтүстігіне, Бет-Емек пен Нейелге жетіп, Қабұлдың сол жағынан өтетін.
28 Сосын Еброн, Рехоб, Хаммон, Кана және Үлкен Сидонға+ қарай беттейтін.
29 Сол жерден кері қарай Рамаққа өтіп, бекіністі қала Тирге+ жететін. Бұдан кейін кері қарай Хосаға өтетін де, Ақзип аймағында теңізге келіп тірелетін.
30 Сондай-ақ оларға Ума, Әфек+, Рехоб+ тиді. Барлығы 22 қала және елді мекендер.
31 Ашир руының әулеттерінің+ мұралы иелігіне осы қалалар мен елді мекендер тиді.
32 Алтыншы жеребе+ Нафталим ұрпақтарының әулеттеріне түсті.
33 Олардың шегарасы Хелеф пен Сағананимдегі үлкен ағаштан+ басталып Адами-Негев пен Ябнехелден өтетін де, Лақұмға дейін созылып, Иорданға келіп тірелетін.
34 Сосын кері қарай батысқа, Азнот-Таборға қайтатын да, Хукокаға жетіп, оңтүстігі Забулонға, батысы Аширге, ал шығысы Иорданның бойындағы Яһуда* жеріне дейін жететін.
35 Бекіністі қалалары мыналар еді: Сидим, Сер, Хамат+, Рақат, Кинерет,
36 Адама, Рамақ, Хасор+,
37 Кедеш+, Едрей, Ен-Хасор,
38 Ирон, Мигдал-Ел, Хорем, Бет-Анат, Бет-Шамиш+. Барлығы 19 қала және елді мекендер.
39 Нафталим руының әулеттерінің+ мұралы иелігіне осы қалалар мен елді мекендер тиді.
40 Дан+ руының әулеттеріне жетінші жеребе+ түсті.
41 Олардың шегарасы мына жерлерден өтті: Сора+, Ештағол, Ир-Шемеш,
42 Шағалабин+, Аялон+, Итла,
43 Елон, Тимна+, Екрон+,
44 Елтекех, Гибетон+, Бағалат,
45 Ехуд, Бене-Берак, Ғат-Риммон+,
46 Ме-Жарқон, Ракон және Иоппенің+ алды.
47 Данға берілген жер олар үшін тарлық ете бастады+. Сонда олар Лешемге+ көтеріліп, онымен соғысып, жаулап алды да, тұрғындарын семсермен өлтірді. Сөйтіп, Лешемді иелігіне алып, сонда тұратын болды. Бірақ қаланың атын өзгертіп, бабаларының атымен Дан деп атады+.
48 Дан руының әулеттерінің мұралы иелігіндегі қалалар мен елді мекендер осы еді.
49 Осылайша исраилдіктер жерді бөліп алды. Сосын араларынан Нұн ұлы Ешуаға мұралы иелік берді.
50 Ехобаның бұйрығына сай, Ешуаға өзі сұраған Ефремнің таулы өңіріндегі Тимнат-Серах қаласын берді+. Ешуа қаланы қайта салып, сонда қоныстанды.
51 Діни қызметкер Елазар, Нұн ұлы Ешуа және Исраил руларының әулетбасылары Ехобаның алдында, Шилодағы+ кездесу шатырының кіреберісінде+, жеребе бойынша мұралы иеліктерге бөлген+ жер — осы. Осымен жер бөлініп бітті.
Сілтемелер
^ Әңгіме яһуда руы жөнінде емес, сол рудан шыққан кісінің отбасы жөнінде болса керек.