Ешуа 20:1—9
-
Бассауғалайтын қалалар (1—9)
20 Бұдан кейін Ехоба Ешуаға былай деді:
2 “Исраилдіктерге мынаны айт: —Мұса арқылы айтқанымдай, өздеріңе бассауғалайтын қалалар+ таңдап алыңдар.
3 Абайсызда біреуді өлтіріп қойған адам сонда қашатын болады. Бұл қалалар қанның кегін алушыдан бассауғалайтын паналарың болады+.
4 Мұндай адам осы қалалардың біріне қашсын да+, қақпа+ алдында тұрып, болған жайтты ақсақалдарға айтып берсін. Сонда ақсақалдар оны қалаға кіргізіп, сол жерде тұруға мұрсат береді.
5 Қанның кегін алушы қуып келетін болса, ақсақалдар әлгіні оның қолына бермесін, себебі ол оны бұрыннан жек көргендіктен емес, абайсызда өлтіріп алды+.
6 Жұрт алдында сот ісі қаралғанға дейін ол сол қалада тұрсын+. Кінәсіз екені дәлелденсе, қалада қалып, сол кездегі бас діни қызметкер қайтыс болғанша сонда өмір сүрсін+. Осыдан кейін оның оралуына, өзі қашып кеткен қаласы мен үйіне қайтуына болады+”.
7 Сонда олар осы мақсатқа келесі қалаларды бағыштады*: Нафталим таулы өңіріндегі Ғалилеяда орналасқан Кедеш+, Ефрем таулы өңіріндегі Сихем+ және Кирият-Арба+, яғни Яһуданың таулы өңіріндегі Хеброн.
8 Рубен руынан Иордан аймағынан, Иерихонның шығысынан, шөл даладағы үстіртте орналасқан Бесер+, ғад руынан Ғалақаттағы Рамот+, ал манаса руынан Башандағы Ғолан+ таңдалды+.
9 Біреуді абайсызда өлтіріп қойған кез келген адам — мейлі ол исраилдік немесе солардың арасында тұрып жатқан жатжерлік болсын — бассауғалау үшін белгіленген қалалар осылар. Жұрт алдында ісі қаралмай тұрып қанның кегін алушының қолынан қаза таппау үшін+, мұндай адамның сонда қашуына болатын+.
Сілтемелер
^ Немесе “қасиетті етті”. Түсіндірмедегі “Қасиетті” сөзін қараңыз.