Ешуа 21:1—45

  • Леуіліктерге берілген қалалар (1—42)

    • Харон ұрпақтарына берілген жерлер (9—19)

    • Қахаттың қалған ұрпақтарына берілген жерлер (20—26)

    • Гершондықтарға берілген жерлер (27—33)

    • Мерариліктерге берілген жер (34—40)

  • Ехобаның уәделері орындалды (43—45)

21  Леуіліктердің әулетбасылары діни қызметкер Елазарға+, Нұн ұлы Ешуаға және Исраил руларының әулетбасыларына келіп,  Қанахандағы Шилода+ оларға мынаны айтты: “Ехоба Мұса арқылы бізге тұратын қалалар мен малымызға жайылым болатын жер берілсін деп бұйырған еді”+.  Содан исраилдіктер Ехоба бұйырғандай, өздерінің мұралы иеліктерінен леуіліктерге жайылымдары бар қалалар берді+.  Алдымен жеребе Қахат+ әулеттеріне түсіп, леуі руынан шыққан діни қызметкер Харонның ұрпақтарына жеребе бойынша яһуда, шимон+ және бениямин+ руларынан 13 қала тиді+.  Қахаттың қалған ұрпақтарына жеребе бойынша ефрем руының+ әулеттерінен, дан руынан және манаса руының жартысынан 10 қала тиді+.  Гершон ұрпақтарына+ исахар руының әулеттерінен, ашир мен нафталим руларынан және манасаның Башандағы жарты руынан жеребе бойынша 13 қала тиді+.  Мерари ұрпақтарының+ әулеттеріне рубен, ғад және забулон руларынан 12 қала тиді+.  Осылайша исраилдіктер Ехобаның Мұса арқылы берген бұйрығына сай, жеребе бойынша леуіліктерге жайылымдары бар осы қалаларды берді+.  Яһуда мен шимон руларынан аты аталған келесі қалалар беріліп+, 10  оларды леуі руының Қахат әулетінен шыққан Харон ұлдары алды, себебі бірінші жеребе соларға түскен еді. 11  Оларға Яһуданың таулы өңіріндегі Кирият-Арба+ (Арба Енактың әкесі болған), яғни Хеброн+ және айналасындағы жайылымдары берілді. 12  Ал қаланың айналасындағы танап пен елді мекендер Епунех ұлы Халепке тиді+. 13  Діни қызметкер Харонның ұлдарына мына жерлер берілді: кісі өлтірген адам бассауғалайтын қала+, яғни Хеброн+ және оның жайылымдары, Либна+ мен жайылымдары, 14  Ятир+ мен жайылымдары, Ештемоға+ мен жайылымдары, 15  Холон+ мен жайылымдары, Дебир+ мен жайылымдары, 16  Айын+ мен жайылымдары, Ютта+ мен жайылымдары, Бет-Шамиш пен жайылымдары — сол екі рудан тоғыз қала берілді. 17  Бениямин руынан Гибеон+ мен жайылымдары, Геба мен жайылымдары+, 18  Анатот+ пен жайылымдары, Алмон мен жайылымдары — төрт қала берілді. 19  Бас-аяғы Харон ұрпақтарына 13 қала мен олардың жайылымдары тиді+. 20  Қахат ұрпақтарының әулеттеріне жататын қалған леуіліктерге жеребе бойынша ефрем руының қалалары тиді. 21  Оларға кісі өлтірген адам бассауғалайтын қала+, яғни Ефрем таулы өңіріндегі Сихем+ және оның жайылымдары, Гезер+ мен жайылымдары, 22  Кибсаим мен жайылымдары, Бет-Хорон+ мен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 23  Дан руынан Елтеке мен жайылымдары, Гибетон мен жайылымдары, 24  Аялон+ мен жайылымдары, Ғат-Риммон мен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 25  Манасаның жарты руынан Танақ+ пен жайылымдары, Ғат-Риммон мен жайылымдары — екі қала берілді. 26  Бас-аяғы Қахат ұрпақтарының қалған әулеттеріне 10 қала мен олардың жайылымдары тиді. 27  Леуілік әулеттерден шыққан Гершонның ұрпақтарына+ манаса руының жартысынан кісі өлтірген адам бассауғалайтын Башандағы Ғолан+ қаласы мен жайылымдары және Бегештера мен жайылымдары — екі қала берілді. 28  Исахар руынан+ Кишион мен жайылымдары, Дабырат+ пен жайылымдары, 29  Ярмұт пен жайылымдары, Ен-Ганним мен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 30  Ашир руынан+ Мишал мен жайылымдары, Абдон мен жайылымдары, 31  Хелкат+ пен жайылымдары, Рехоб+ пен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 32  Нафталим руынан Ғалилеядағы Кедеш+, яғни кісі өлтірген адам бассауғалайтын қала+ және оның жайылымдары, Хаммот-Дор мен жайылымдары, Картан мен жайылымдары — барлығы үш қала берілді. 33  Бас-аяғы Гершон ұрпақтарына әулеттері бойынша 13 қала мен олардың жайылымдары тиді. 34  Мерари әулеттеріне+, қалған леуіліктерге, забулон руынан+ Екнеғам+ қаласы мен жайылымдары, Картах пен жайылымдары, 35  Димна мен жайылымдары, Нахалал+ мен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 36  Рубен руынан Бесер+ мен жайылымдары, Яхас пен жайылымдары+, 37  Кедемот пен жайылымдары, Мефағат пен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 38  Ғад руынан+ Ғалақаттағы Рамот+, яғни кісі өлтірген адам бассауғалайтын қала және оның жайылымдары, Маханаим+ мен жайылымдары, 39  Хешбон+ мен жайылымдары, Жазер+ мен жайылымдары — барлығы төрт қала берілді. 40  Мерари ұрпақтарының әулеттеріне, қалған леуілік әулеттерге, бас-аяғы 12 қала тиді. 41  Сонымен леуіліктерге исраилдіктердің иелігінен бас-аяғы 48 қала мен олардың жайылымдары берілді+. 42  Бұл қалалардың бәрінің айналасында жайылымдары болды. 43  Ехоба ата-бабаларына беруді уәде еткен күллі жерді Исраилге берді де+, олар сол жерді иемденіп, қоныс тепті+. 44  Ехоба ата-бабаларына ант еткендей, оларға айнала тыныштық сыйлады+. Жауларының ешқайсысы оларға қарсы тұра алмады+. Барлық жауларын Ехоба аяқтарына жығып берді+. 45  Исраил үйіне берген Ехобаның ізгі уәделерінің бірде-бірі орындалмай қалған жоқ — бәрі де орындалды+.

Сілтемелер