Ешуа 5:1—15

  • Ғылғалда сүндетке отырғызу (1—9)

  • Құтқарылу мейрамын тойлау; маннаның тоқтауы (10—12)

  • Ехобаның әскерінің қолбасшысы (13—15)

5  Иорданның батыс жағындағы аморлықтар+ мен теңіз бойындағы қанахандықтардың+ патшалары Ехобаның исраилдіктер Иорданнан өтіп болғанша олардың алдынан өзеннің суын тоқтатып қойғанын естігенде, зәрелері қалмай қорқып+, оларға қарсы шығуға батылдары бармады+.  Сол кезде Ехоба Ешуаға: “Шақпақтастан пышақтар жасап ал да, исраилдік еркектерді сүндетте*+”,— деді.  Сөйтіп, Ешуа шақпақтастан пышақтар жасап алып, Гибат-Гағарлот* деген жерде исраилдік еркектерді сүндетке отырғызды+.  Оларды сүндеттеуінің себебі мынада еді: Мысырдан шыққан соғысуға жарамды барлық ер адамдар шөл даланы кезіп жүрген кездерінде көз жұмды+.  Олардың барлығы сүндеттелген болатын, ал Мысырдан шығып, шөл даланы кезіп жүргенде туылғандары сүндеттелмеген еді.  Мысырдан шыққан, бірақ Ехобаға құлақ аспаған соғысқа жарамды ер адамдардың бәрі+ өліп біткенше, исраилдіктер шөл далада 40 жыл бойы жүрді+. Ехоба ата-бабамызға ағы мен балы ағыл-тегіл мол жерді+ бізге беруді уәде етті+. Ал сол тілазар халыққа Ехоба бұл жерді көрмейтіндерін айтты+.  Олардың орнына ұлдарын кіргізді+. Бұл ұрпақ шөл далада жүргенде сүндеттелмегендіктен, Ешуа оларды сүндеттеді.  Бүкіл халық сүндеттелген соң, олар жазылғандарынша қоста қалды.  Сонда Ехоба Ешуаға былай деді: “Бүгін мен сендерді Мысырдың масқарасынан арылттым*”. Сол себепті осы жер әлі күнге дейін Ғылғал*+ деп аталады. 10  Исраилдіктер Ғылғалдағы қостарында қалып, айдың 14 күні Иерихонның шөл даласында Құтқарылу мейрамын* тойлады+. 11  Ертеңіне сол жердің өнімінен — ашытқысыз пісірілген нан+ мен қуырылған дән жей бастады. 12  Осы күннен бастап манна пайда болмайтын болды+. Исраилдіктер сол жылдан бастап Қанахан жерінің өнімін азық ете бастады+. 13  Иерихон қаласының маңында жүрген Ешуа басын көтеріп қарап еді, алдында семсер ұстаған бір кісінің+ тұрғанын көрді+. Сонда оған жақындап: “Сен кімнің жағындасың, біздің бе, жауларымыздың ба?”— деп сұрады. 14  Ол: “Ешкімнің жағында емеспін. Мен Ехобаның әскерінің басшысы ретінде келіп тұрмын”+,— дегенде, Ешуа тізерлей кетіп, бас иді де: “Ием, қызметшіңізге не айтпақсыз?”— деп сұрады. 15  Сонда Ехобаның әскерінің басшысы: “Аяғыңдағы сандалды шеш, өйткені сен тұрған жер киелі”,— деді. Ешуа бірден солай етті+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “тағы да, екінші рет сүндетте”.
Мағынасы “сүндет терілер төбесі”.
Сөзбе-сөз “масқарасын домалатып әкеттім”.
Мағынасы “домалату; домалатып әкету”.