Ешуа 8:1—35
8 Бұдан кейін Ехоба Ешуаға былай деді: “Еш қорықпа да, үрейленбе де+! Барлық сарбаздарды жинап алып, Гай қаласына аттан. Міне, Гайдың патшасын, қаласы мен жерін сенің қолыңа бердім+.
2 Иерихон мен оның патшасына не істесең, Гай қаласы мен оның патшасына да соны істе+. Бірақ бұл жолы түскен олжа мен малды өздеріңе қалдырсаңдар болады. Қаланың арт жағынан торуылдап жататын жасақ құр”.
3 Сонымен Ешуа мен бүкіл сарбаздар Гайға аттанды. Ешуа 30 000 мықты сарбазды таңдап алып, түнде жөнелтіп жіберді.
4 Оларға мынаны бұйырды: “Қаланың арт жағында торуылдап жатыңдар. Қаладан тым алыс кетпеңдер, бәрің де дайын болыңдар.
5 Ал мен қасымдағы адамдарды алып, бәріміз қалаға таяу барамыз. Олар алғашқыдай бізге қарсы шыққанда+, қаша жөнелеміз.
6 Сонда олар: —Алғашқыдай бізден қашып барады,— деп ойлап, соңымызға түскенде+, біз оларды қаладан алыстату үшін шегіне түсеміз.
7 Сол кезде сендер жатқан жерлеріңнен шығып, қаланы басып алыңдар. Құдайларың Ехоба оны сендерге береді.
8 Қалаға кіре салысымен, оған өрт қойыңдар+. Бәрін де Ехоба айтқандай істеңдер. Менің бұйрығым — осы”.
9 Осыны айтқан соң, Ешуа сарбаздарды жөнелтті де, олар Гайдың батысына, яғни Бетел мен Гайдың арасындағы торуылдайтын жерлеріне аттанды. Ал өзі адамдарының арасына барып түнеді.
10 Ол таңертең ерте тұрып, әскерін жинады да, Исраил ақсақалдарымен бірге оларды Гайға қарай бастап жүрді.
11 Ешуаның қол астындағы сарбаздар+ жолға шығып, қалаға қарсы тоқтап, Гайдың солтүстігіне қос тікті. Қала мен қосты аңғар бөліп тұрды.
12 Ешуа 5000-дай адамды таңдап алып, қаланың батысына, Бетел+ мен Гайдың арасына, жіберді. Олар сол жерде торуылдап жатты+.
13 Осылайша негізгі қос қаланың+ солтүстігінде, ал торуылдайтын топ оның батысында болды+. Сол түні Ешуа аңғардың орта шеніне таяды.
14 Гайдың патшасы мұны көргенде, өзі де, қаланың күллі ер-азаматтары да келесі күні ерте тұрып, Исраилмен шайқасу үшін, елсіз даланың үстінен қараған жерге қарай асықты. Бірақ ол қаланың артына торуыл қойылғанын білмеді.
15 Шайқас басталғанда, Ешуа мен барлық исраилдіктер жеңілгендей сыңай танытып, шөлге апаратын жолға түсіп, қаша жөнелді+.
16 Сонда қаладағылардың бәрі жиналып, исраилдіктердің соңына түсті де, оларды қуамыз деп қаладан алыстай берді.
17 Гай мен Бетелде бірде-бір сарбаз қалмай, бәрі исраилдіктердің соңына түсті. Олар қаланы ашық қалдырып, исраилдіктерді қуып кетті.
18 Ехоба Ешуаға: “Қолыңдағы сүңгіні Гай қаласына қарай көтер+, себебі мен оны саған беремін+”,— деді. Ешуа сүңгісін қалаға қарай көтерді.
19 Ол қолын көтерген бойда, торуылдап отырғандар орындарынан тұра сала, қалаға лап қойды да, оны басып алды. Сосын оған дереу өрт қойды+.
20 Гай тұрғындары арттарына қарап, қаладан көкке түтін көтеріліп жатқанын көргенде, ешқайда қаша алмай қалды. Сонда шөлге қашып бара жатқан исраилдіктер кері бұрылды.
21 Ешуа мен бүкіл Исраил торуылда отырғандардың қаланы басып алып, қала үстінен түтін шығып жатқанын көргенде, кері бұрылып, Гайдың ер-азаматтарына лап қойды.
22 Қаланы басып алғандар да қарсы аттанып, гайлықтар қыспақта қалды. Осылай исраилдіктер екі тұстан келіп, бәрін қырып салды. Ешқайсысы аман қалмады, қашып та құтылмады+.
23 Бірақ Гайдың патшасы Ешуаға тірідей ұстап әкелінді+.
24 Исраилдіктер өздерін қуып келген Гай тұрғындарын шөл далада бірін қалдырмай семсермен қырып тастады. Сосын қалаға оралып, ондағыларды да семсермен өлтірді.
25 Сол күні әйелі бар, еркегі бар, Гай тұрғындарының бәрі — 12 000 адам өлім құшты.
26 Гай тұрғындары түгел жойылғанша+, Ешуа сүңгі ұстаған қолын төмен түсірмеді+.
27 Ехобаның Ешуаға берген нұсқауына сай, исраилдіктер қаладағы мал мен олжаны ғана өздеріне қалдырды+.
28 Сосын Ешуа Гайды өртеп жіберіп, оны мәңгілік үйіндіге айналдырды+. Ол әлі күнге дейін қаңырап жатыр.
29 Ал Гайдың патшасын өлтіріп, денесін кешке дейін бөренеге* іліп қойды. Күн батарда Ешуа оның мәйітін бөренеден түсіріп+, қала қақпасының алдына тастауды бұйырды. Жұрт өліктің үстіне бір төбе тас үйіп тастады, ол әлі күнге дейін бар.
30 Ешуа Евал+ тауында Исраил Құдайы Ехобаға арнап құрбандық шалатын орын жасады.
31 Мұны Ехобаның қызметшісі Мұсаның исраилдіктерге берген бұйрығына және Заң кітабында+ жазылған “құрбандық орны темір құралмен қашалмаған бүтін тастардан жасалсын”+ деген сөздерге сай істеді. Содан халық Ехобаға арнап түгел өртелетін және татулық құрбандықтарын шалды+.
32 Содан соң Ешуа тас алып, оған Мұса исраилдіктердің көзінше жазған Заңның көшірмесін түсірді+.
33 Бұдан кейін жатжерліктерді қоса алғанда+, күллі Исраил халқы, оның ақсақалдары, басқарушылары мен билері екі топқа бөлініп, біреуі Гаризим тауының, екіншісі Евал тауының алдына орналасты+. Олар Ехобаның келісім сандығын көтеріп тұрған леуілік діни қызметкерлерге қарама-қарсы тұрды. Діни қызметкерлер Ехобаның қызметшісі Мұса бұйырғандай+, Исраил халқына алдымен бата беру керек еді.
34 Содан кейін Ешуа баталар+ мен қарғыстарды+ қоса, Заң кітабында жазылғандардың бәрін дауыстап оқыды+.
35 Ол әйелдер мен балаларды және араларында тұрып жатқан жатжерліктерді қоса алғанда+, күллі Исраил қауымының алдында Мұса бұйырған сөздердің бірін қалдырмай+ оқып шықты+.
Сілтемелер
^ Немесе “ағашқа”.