Ешуа 9:1—27

  • Тапқыр гибеондықтардың бітім жасасуға келуі (1—15)

  • Гибеондықтардың қулықтары аян болды (16—21)

  • Гибеондықтар отын жинап, су таситын болды (22—27)

9  Бұл жайлы Иорданның батыс бетіндегі+ таулы өңірде, Шефелада, Ұлы теңіздің* бүкіл жағалауы+ мен Ливанға дейін тұратын хеттіктер, аморлықтар, қанахандықтар, перездіктер, хевтіктер мен ебустіктердің+ патшалары естігенде,  Ешуа мен Исраилге қарсы соғысу үшін бас қосты+.  Ешуаның Иерихон мен Гай қалаларына не істегенін+ Гибеон тұрғындары+ да естіді.  Сонда олар ақылмен әрекет етіп, былай істеді: есектеріне тозығы жеткен қаптарға салынған азық пен тесіктері жамалған ескі местер артып алды;  аяқтарына әбден тозып, жамалған сандал, үстеріне ескі-құсқы киім киді. Ал азық ретінде қатып, үгітіліп кеткен нан алды.  Олар Ғылғалдағы исраилдіктердің қосына келіп+, Ешуа мен халыққа: “Бізбен келісім жасассаңыздар екен деп, сіздерге шалғай жерден келіп тұрмыз”,— деді.  Исраилдіктер хевтіктерге+ мынаны айтты: “Сендер жақын маңда тұратын шығарсыңдар. Онда қалайша сендермен келісім жасасамыз+?”  Бұған олар: “Біз сіздерге қызмет еткіміз келеді”,— деп жауап берді. Сонда Ешуа: “Кімсіңдер? Қайдан келдіңдер?”— деп сұрады.  Олар мынаны айтты: “Қызметшілеріңіз Құдайларыңыз Ехобаның есімін құрметтегендіктен шалғай жерден келіп отыр+. Біз оның атақ-даңқы туралы және Мысырда не істегенін+, 10  сондай-ақ Иорданның арғы бетіндегі аморлықтардың екі патшасына, Хешбон патшасы Сихон+ мен Аштаротта тұратын Башан патшасы Огқа+, не істегені жайлы естідік. 11  Сондықтан ақсақалдарымыз бен күллі халқымыз бізге: —Азық-түлік алып, жолға шығыңдар да, олармен кездесіп, “Сіздерге қызмет еткіміз келеді+. Бізбен келісім жасассаңыздар екен+” деңдер,— деп тапсырды. 12  Жол жүрерде үйімізден мына нанды ыстық күйінде алып шыққан едік, енді болса қатып, үгітіліп кетті+. 13  Шарап құйып алған местеріміз жап-жаңа еді, ал енді, қараңыздаршы, тесіліп қалды+. Ұзақ жол жүргендіктен, сандалдарымыз бен киімдеріміз де тозып кетті”. 14  Сонда исраилдіктер олардың азықтарынан кішкене алып, тексеріп көрді, бірақ Ехобадан басшылық сұрамады+. 15  Ешуа оларды аман қалдыруды уәде етіп, бейбіт бітім жасасты+, қауым басшылары да ант берді+. 16  Келісім жасасқандарынан үш күн өткен соң, исраилдіктер олардың жақын маңда, көршілес тұратынын естіді. 17  Сөйтіп, жолға шығып, үш күннен кейін солардың қалаларына жетті. Олардың қалалары Гибеон+, Кефира, Берот пен Кирият-Еғарим+ екен. 18  Бірақ қауым басшылары Исраилдің Құдайы Ехобаның атымен ант бергендіктен+, исраилдіктер оларға тимеді. Сонда бүкіл жамағат басшыларға күңкілдей бастады. 19  Басшылар болса оларға былай деді: “Біз Исраил Құдайы Ехобаның алдында ант бердік, сондықтан оларға еш зияндық жасай алмаймыз. 20  Енді былай етейік: антымызды бұзып, Құдайдың қаһарына қалмас үшін, оларды аман алып қалайық+”. 21  Жұртқа тағы: “Олар аман қалсын, сөйтіп, бүкіл жамағатқа отын жинап, су таситын болсын”,— деді. Осылайша басшылар гибеондықтарға берген уәдесінде тұрды. 22  Ешуа гибеондықтарды шақырып алып, былай деді: “Бізді неге алдадыңдар? Жап-жақын тұратындарыңа қарамастан, неге “шалғай жерде тұрамыз” дедіңдер+? 23  Енді сендер қарғыс атқан халықсыңдар+. Бұдан былай құл болып, менің Құдайымның үйіне мәңгі бақи отын жинап, су тасып өтесіңдер”. 24  Олардың жауабы мынау болды: “Құдайларыңыз Ехобаның өз қызметшісі Мұсаға осы жерді түгелдей сіздерге беруді және алдарыңызда оның тұрғындарының бәрін жоюды бұйырғанын біздей қызметшілеріңіз естіді+. Сондықтан өз жанымыз үшін қатты қорықтық+. Сол себепті осылай еттік+. 25  Енді сіздің билігіңіздеміз, бізге не істесеңіз де өз еркіңіз”. 26  Ешуа өтініштеріне сай, оларды исраилдіктердің қолына бермей, аман алып қалды. 27  Сол күні Ешуа оларды бүкіл жамағат үшін және Ехоба таңдаған жерге+ орнатылған құрбандық орны үшін отын жинап, су таситын қызметші етіп қойды+. Олар әлі күнге дейін осылай етуде+.

Сілтемелер

Яғни Жерорта теңізі.