Жоел 1:1—20
1 Ехобаның* Петуел ұлы Жоел* арқылы айтқан сөзі:
2 “Ақсақалдар, құлақ салыңдар,Елдің* барлық тұрғыны, көңіл бұрыңдар.
Сендердің не ата-бабаларыңның заманындаМұндай нәрсе болып па еді+?
3 Бұл туралы балаларыңа айтыңдар,Балаларың өз балаларына айтсын,Ал олар кейінгі ұрпаққа жеткізсін.
4 Жалмайтын шегірткеден қалғанды құжынаған шегіртке жеді+,Құжынаған шегірткеден қалғанды қанатсыз шегіртке жеді,Қанатсыз шегірткеден қалғанды обыр шегіртке жеп қойды+.
5 Ояныңдар, маскүнемдер+, зар жылаңдар!
Шарап ішетіндердің бәрі, еңіреңдер!
Өйткені ауыздарыңнан тәтті шарап алынып қойылды+.
6 Менің еліме күшті әрі сансыз көп бір халық келді+.
Тістері мен жақтары арыстандікіндей+.
7 Ол жүзімімді ойрандап, інжір ағашымнан түбіртек қана қалдырды,Оларды мүлдем жалаңаштап, лақтырып жіберді,Тіпті қабығын сыдырып, сабақтары ағарып қалды.
8 Атастырылған күйеуін жоқтап,Азалы киім киген қыздай зар еңіреңдер.
9 Ехобаның үйіне астық пен сұйық тартуы+ әкелінбей қалды.
Бұған діни қызметкерлер, Ехобаның қызметшілері, қайғыруда.
10 Егіндік ойран болып, қара жер де қайғыруда+,Себебі астық құрып, жаңа шарап сарқылып, зәйтүн майы таусылды+.
11 Бидай мен арпаны ойлап,Диқаншылар абыржуда, жүзімшілер зар еңіреуде.
Өйткені егістіктегі өнімнің түгі қалмай құрып кетті.
12 Жүзім бұталары қурап,Інжір ағаштары семіп қалды.
Анар, құрма пальмасы мен алма ағаштары,
Даладағы ағаштардың бәрі де қурап қалды+.
Ұятқа қалған қуаныш адамдардан қашып кетті.
13 Діни қызметкерлер, азалы киім киіп, қайғырыңдар.
Құрбандық ошағының алдындағы қызметкерлер+, зар еңіреңдер.
Құдайымның қызметшілері, ішке кіріп, азалы киімді түні бойы шешпеңдер.
Себебі ешкім Құдайларыңның үйіне астық пен сұйық тартуын+ әкелмей қойды.
14 Ораза жариялаңдар, қасиетті жиын өткізіңдер+.
Ехоба Құдайларыңның үйіне ақсақалдар мен елдің бар тұрғынын жинап+,Ехобадан көмек сұрап жалбарыныңдар.
15 Сұмдық-ай, сол күн келе жатыр,Ехобаның күні таяп қалды+!
Сол күні Құдіреті шексіз Құдай қырып-жояды!
16 Көз алдымыздан ас-ауқат тартып алынып,Құдайымыздың үйінен қуаныш пен шаттық ғайып болды емес пе?!
17 Күректерінің астындағы тұқымдар* семіп қалды,Қоймалар қаңырап бос тұр.
Астық қурап, қамбалар қирап жатыр.
18 Тіпті малдар да ыңырануда!
Жайылым болмай, табын-табын ірі қара босып жүр!
Күнәнің кесірі отар-отар қойларға да тиіп жатыр.
19 Уа, Ехоба, саған жалбарынамын+.
Иен даладағы жайылымдарды от жалмады,Дала ағаштарының бәрін жалын құртты.
20 Тіпті жабайы аңдар да сені іздейді,Себебі арналар кеуіп қалды,Даладағы жайылымдарды от жалмады.
Сілтемелер
^ Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
^ Мағынасы “Ехоба — Құдай”.
^ Немесе “жердің”.
^ Мүмкін: “құрғап қалған інжірлер”.