Жохан 3:1—36
3 Парызшылдар арасында яһудилердің Нікөдем+ есімді басшысы бар еді.
2 Ол түнде Исаға келіп+: “Ұстаз*+, сіздің Құдайдан келген тәлімгер екеніңізді білеміз, себебі сіз жасайтын кереметтерді+ Құдайдың қолдауынсыз ешкім жасай алмайды+”,— деді.
3 Иса: “Саған нағыз шындықты айтамын, кімде-кім қайтадан туылмаса*+, Құдай Патшалығын көре алмайды+”,— деп жауап берді.
4 Сонда Нікөдем: “Есейген адам қалайша қайта туылады? Шешесінің құрсағына еніп, екінші рет туылуы мүмкін бе?”— деп сұрады.
5 Иса былай деп жауап берді: “Саған нағыз шындықты айтамын, кімде-кім судан+ және киелі рухтан+ туылмаса, Құдай Патшалығына кіре алмайды.
6 Тәннен — тән, ал киелі рухтан — рух туылады.
7 Менің “сендер қайта туылуға тиіссіңдер” дегеніме таңғалма.
8 Жел қалаған жағына соғады. Оның гуілін естисің, бірақ қайдан келіп, қайда кеткенін білмейсің. Киелі рухтан туылған әрбір адаммен де солай болады+”.
9 Нікөдем: “Бұл қалай болуы мүмкін?”— деп сұрады.
10 Исаның жауабы мынау болды: “Исраилдің ұстазы бола тұра, осыны білмейсің бе?
11 Саған нағыз шындықты айтамын, біз білгенімізді айтып, көргеніміз жайлы куәлік етеміз, бірақ сендер куәлігімізді қабылдамайсыңдар.
12 Жерге қатысты айтқандарыма сенбесеңдер, көкке қатысты айтқандарыма қалай сенбексіңдер?
13 Оның үстіне, көкке ешбір адам көтерілген емес+, ал Адам Ұлы көктен келді+.
14 Шөл далада Мұсаның жыланды жоғары көтеріп қойғанындай+, Адам Ұлы да жоғары көтеріліп қойылуы тиіс+.
15 Сонда оған сенген әркім мәңгілік өмірге ие болады+.
16 Құдай адамзатты* сондай қатты сүйгендіктен, өзінің жалғыз Ұлын* құрбан етті*+. Енді оған сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады+.
17 Құдай өз Ұлын дүниені соттауға емес, қайта, Ұлы арқылы оны құтқаруға жіберді+.
18 Оған сенетін адам сотталмайды+. Ал сенбейтін адам қазірдің өзінде сотталып қойды, өйткені Құдайдың жалғыз Ұлының есіміне сенбеді+.
19 Сот мынаған негізделеді: дүниеге жарық келді+, бірақ адамдар жарықтан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері зұлым еді.
20 Зұлымдық істейтін адам жарықты жек көреді, әрі істері әшкереленбеу үшін оған жоламайды.
21 Ал әділ әрекет ететін адам істерінің Құдай еркіне сай екені паш етілу үшін жарыққа келеді+”.
22 Бұдан кейін Иса шәкірттерімен Яһудеяның ауылды жерлеріне барды. Ол біраз уақыт сол жерде шәкірттерімен бірге болып, шомылдыру рәсімін жасап жүрді+.
23 Ал Жақия Сәлім қаласына жақын Айнонда шомылдыру рәсімін жасап жүрді, өйткені сол жерде су мол еді+. Адамдар келіп, сол рәсімнен өтіп жатты+.
24 Ол кезде Жақия әлі түрмеге жабылмаған болатын+.
25 Жақияның шәкірттері бір яһудимен тазару рәсіміне қатысты айтысып қалды.
26 Сөйтіп, олар Жақияға келіп: “Ұстаз, қараңызшы, Иорданның арғы жағында сізге келген әрі өзіңіз куәлік берген адам+ шомылдыру рәсімін жасап жүр. Жұрттың бәрі соған барып жатыр”,— деді.
27 Жақия мынадай жауап қатты: “Құдай бермесе, ешкім еш нәрсе ала алмайды.
28 Менің “Мәсіх емеспін+, оның алдынан жіберілген адаммын+” дегеніме өздерің куәсіңдер.
29 Қалыңдығы бар кісі — күйеужігіт қой+. Ал қасында тұрған досы оның даусын естіп, қатты қуанады. Менің де қуанышым қойныма сыймай тұр.
30 Ол жоғарылай, ал мен төмендей беруім керек”.
31 Жоғарыдан келген+ ол бәрінен ұлы. Жерден пайда болған жердікі, әрі жерге тән нәрселер туралы айтады. Көктен келген бәрінен ұлы+.
32 Ол көргені мен естігені жайлы куәлік етеді+, бірақ оның куәлігін ешкім қабылдамайды+.
33 Ал оның куәлігін қабылдаған адам Құдайдың шыншыл екенін өз мөрімен растайды+.
34 Құдайдың жіберген Ұлы оның сөздерін айтады+, өйткені Құдай оған киелі рухын молынан береді.
35 Әкесі Ұлын сүйеді+, әрі барлығын оның қолына тапсырды+.
36 Кім Ұлға сенсе, мәңгілік өмірді иеленеді+, ал кім оған мойынсұнбаса, өмірге ие болмай+, Құдайдың қаһарына ұшырайды+.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Равви”.
^ Мүмкін: “жоғарыдан туылмаса”.
^ Немесе “дүниені”.
^ Түсіндірмені қараңыз.
^ Сөзбе-сөз “берді”.