Зәбүр 1:1—6

  • Екі жолдың салыстырылуы

    • Құдай заңын оқу қуанышқа бөлейді (2)

    • Әділдер мол жеміс беретін ағашқа ұқсайды (3)

    • Зұлымдар жел ұшырған қауызға ұқсайды (4)

1  Зұлымдардың кеңесімен жүрмейтін,Күнәкарлардың жолына түспейтін+,Мазақтаушылармен бірге отырмайтын+ адам неткен бақытты!   Ол Ехобаның* заңынан қуаныш табады+,Оның заңын күні-түні күбірлеп оқиды*+.   Ол сулардың жағасына отырғызылған,Мерзімінде жемісін беретін,Жапырақтары еш қурамайтын ағашқа ұқсайды. Оның әрбір ісі сәтті болады+.   Ал зұлымдардың жағдайында бұлай болмайды,Олар жел ұшырып әкететін қауызға ұқсайды,   Сондықтан сотталғанда, еш ақтала алмайды+. Әділдер* арасында күнәкарлар қалмайды+.   Өйткені Ехоба әділдердің істерін біледі+,Ал зұлымдар істерімен қоса құрып кетеді+.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “Оның заңы жөнінде күні-түні ой жүгіртеді”.
Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүретіндер.