Зәбүр 11:1—7

  • Ехобаны паналау

    • “Ехоба киелі ғибадатханасында” (4)

    • Зұлымдықты жақсы көретіндерді Құдай жек көреді (5)

Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. 11  Мен Ехобаны паналаймын+. Ендеше, былай деуге қалай дәтің барады: “Кәне, құстай ұшып тауыңа қаш!   Қарашы, зұлым жан садағын иіп, жебесін тартуда,Ақжүрек адамды қараңғы жерден дайын тұр атуға.   Әділеттіліктің іргесі қираса,Әділ адамның қолынан не келеді?”   Ехоба киелі ғибадатханасында+,Ехобаның тағы көкте+. Оның көзі бәрін көреді, қырағы көзімен адам баласын тексереді+.   Ехоба әділді де, зұлымды да тексереді+,Жауыздықты сүйетіндерді ол жек көреді+.   Ол зұлымдарға көптеген тұзақ құрады*,Олардың үлесі отқа, күкірт+ пен аңызақ желге толы тостаған болады.   Себебі Ехоба әділ+; ол әділ әрекетті сүйеді+,Турашыл адам оның жүзін көреді+.

Сілтемелер

Мүмкін: “қызып тұрған шоқ жаудырады”.