Зәбүр 113:1—9
113 Ехобаны* мадақтаңдар!
Ехобаның қызметшілері, оған мадақ айтыңдар,Ехобаның есімін даңқтаңдар!
2 Ехобаның есімі мадақталсын,Бұдан былай мәңгі бақи солай болсын+!
3 Күншығыстан батысқа дейінЕхобаның есімі дәріптелсін+.
4 Ехоба барлық ұлттардан жоғары+,Оның ұлылығы көктен де биік+.
5 Құдайымыз Ехобаға кім тең келеді+?
Кім заңғар биікте мекен етеді?
6 Ол көк пен жерге қарау үшін еңкейіп+,
7 Бейшараны топырақтан тұрғызады.
Кедейді үйіліп жатқан күлден* көтеріп алып+,
8 Ақсүйектермен бірге,Өз халқының беделділерімен бірге отырғызады.
9 Құдай бедеу әйелге ана болу бақытын сыйлайды,Ол үйлі-баранды болып, шаттыққа бөленеді+.
Ехобаны* мадақтаңдар!
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Мүмкін: “қоқыстан”.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.