Зәбүр 120:1—7
Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән*.
120 Басыма күн туғанда, мен Ехобаны шақырдым+,Ол маған жауап берді+.
2 Уа, Ехоба, мені өтірікші тілден,Алдамшы ауыздан құтқаршы.
3 Ей, өтірікші тіл, Құдай саған не істейді?
Сені қалай жазалайды+?
4 Ол сарбаздың өткір жебесімен+,Ағаштың жанып тұрған шоғымен жазаңды тартқызады+.
5 Мен қасіретке қалдым!
Өйткені Мешехте+ кірме ретінде тұрамын,Кедар+ шатырларының арасында мекендеймін.
6 Тыныштықты жек көретіндердің арасында тым ұзақ уақыт тұрып жатырмын+.
7 Мен тыныштықты қолдаймын.
Бірақ аузымды ашсам болғаны, олар соғысуға даяр тұрады.
Сілтемелер
^ Түсіндірмені қараңыз.