Зәбүр 128:1—6

  • Ехобадан қорқу бақытқа бөлейді

    • Мол жеміс беретін жүзім бұтасындай әйел (3)

    • “Иерусалимнің өркендеуін көргейсің” (5)

Қалаға өрлеп бара жатқанда айтылатын ән. 128  Ехобадан қорқатын+,Оның жолдарымен жүретін адам бақытты+.   Сен ауыр еңбегіңнің жемісін жейсің,Бақытты боласың, өркендейсің+.   Әйелің үйіңдегі мол жеміс беретін жүзім бұтасындай+,Дастарқан басындағы ұлдарың зәйтүн ағашының өскіндеріндей болады.   Міне, Ехобадан қорқатын адам осылай жарылқанады+.   Сионнан Ехоба сені жарылқайды. Иерусалимнің өркендегенін өмір бойы көріп өткейсің+,   Немерелеріңнің қызығын көргейсің. Лайым Исраилде тыныштық орнасын!

Сілтемелер