Зәбүр 137:1—9

  • Бабыл өзендерінің жағасында

    • Сионның ешбір әні айтылмады (3, 4)

    • Бабыл қаласы ойран болады (8)

137  Бабыл өзендерінің жағасында+ отырып,Сионды еске алғанда, біз зар иледік+.   Қала ішіндегі теректерге арфаларымызды ілдік+.   Бізді тұтқындағандар ән айтуымызды сұрады+,Сол мазақтаушылар көңіл көтергілері келіп: “Сионның бір әнін шырқап беріңдер”,— деді.   Ехобаға арналған әнді бөтен елде қалай ғана айтамыз?   Уа, Иерусалим, мен сені ұмытсам,Оң қолым бар шеберлігін ұмытсын*+!   Егер сені есімде сақтамасам,Иерусалимді ең зор шаттығымнан да жоғары қоймасам+,Тілім таңдайыма жабысып қалсын!   Уа, Ехоба, едомдықтардың айтқан сөзін ұмытпашы,Иерусалим құлаған күні олардың: “Қиратыңдар оны! Жермен-жексен етіңдер!”— дегенін есіңе алшы+.   Ей, жуырда ойран болатын Бабыл қаласы+! Бізге істегеніңді өз басыңа келтіріп,Қарымтаңды қайтаратын адам бақытты+.   Балаларыңды ұстап алып,Жартасқа ұратын адам бақытты+.

Сілтемелер

Мүмкін: “семіп қалсын”.