Зәбүр 139:1—24

  • Құдай өз қызметшілерін жақсы біледі

    • Құдайдың рухынан қашып құтылу мүмкін емес (7)

    • “Мен керемет жаратылғанмын” (14)

    • “Ұрық күйімде мені көздерің көрді” (16)

    • “Мені мінсіздік жолымен жетелеші” (24)

Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. 139  Уа, Ехоба, сен мені мұқият тексердің, мені жақсы білесің+.   Отырғаным да, тұрғаным да өзіңе аян+. Ойларымды да алыстан ұғасың+.   Сапарға шыққанымды да, тыныққанымды да бақылайсың,Саған жолдарымның бәрі белгілі+.   Аузымнан сөз шықпай жатып-ақ,Уа, Ехоба, сен оны білесің+.   Мені алды-артымнан қоршайсың,Үстіме қолыңды қоясың.   Мені қаншалықты жақсы білетініңе қайранмын,Мұны түсінуге ақылым жетпейді+.   Сенің рухыңнан қайда қашып құтылмақпын? Жүзіңнен қайда барып жасырынбақпын+?   Көкке көтерілсем, сен сонда болар ең,Төсегімді көрге* салсам да, сен сол жерден табылар ең+.   Қиыр шалғайдағы теңізге барып тұру үшін,Таң шапағының қанатына мініп ұшып кетсем де, 10  Сенің қолың мені бастап алып жүрер еді,Оң қолың сүйемелдер еді+. 11  “Мені қараңғылық жасырады” десем,Түн жарыққа айналар еді. 12  Қараңғылық та сен үшін тым қараңғы болмас еді,Сен үшін түннің өзі күндіздей жап-жарық+,Түнекте де бәрі ап-айқын көрінер еді+. 13  Өйткені сен менің бүйрегімді жараттың,Ана құрсағында мені қалқаладың*+. 14  Мен өзіңді мадақтаймын,Себебі таңғаларлықтай керемет жаратылғанмын+. Сенің істерің неткен ғажап+! Мұны мен жақсы білемін. 15  Құпия жерде жаратылғанымда,Ана құрсағының түкпірінде тоқылғанымда,Сүйектерім сенен жасырын болмады+. 16  Тіпті ұрық күйімді көздерің көрді,Оның бірде-бір бөлігі әлі пайда болмай тұрып,Қалыптасатын күндері сенің кітабыңда жазылып қойылған еді. 17  Сенің ойларың маған сондай қымбат+! Уа, Құдай, олардың саны неткен көп+! 18  Ойларыңды санайтын болсам,Олар құм қиыршықтарынан да көп болар еді+. Таңертең оянғанымда, әлі де өзіңмен біргемін*+. 19  Уа, Құдай, зұлымды сұлатып салсаң ғой+! Сонда қанішерлер менен аулақ кетер еді. 20  Олар арам пиғылмен сені жамандайды,Есіміңді теріс қолданады; олар сенің жауларың+. 21  Уа, Ехоба, сен жек көретіндерді мен де жек көремін емес пе+? Саған қарсы шыққандар мен үшін де жеркенішті емес пе+? 22  Мен оларды сондай жек көремін+,Олар менің қас жауыма айналды. 23  Уа, Құдай, терең үңіліп, жүрегімде не бар екенін көрші+. Мені тексеріп, мазалайтын ойларымды білші+. 24  Көңілімде қауіпті жолға апаратын ойлар жоқ па, соны көрші+,Мені мәңгілік жолымен жетелеші+.

Сілтемелер

Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “тоқып қалыптастырдың”.
Мүмкін: “әлі де санауды жалғастыра берер едім”.