Зәбүр 148:1—14
148 Ехобаны* мадақтаңдар!
Ехобаны көктен мадақтаңдар+,Оны заңғар биіктен мадақтаңдар!
2 Күллі періштелері, оны мадақтаңдар+,Күллі әскері+, оны мадақтаңдар!
3 Күн мен ай, оны мадақтаңдар,Күллі жарқыраған жұлдыздар, оны мадақтаңдар+!
4 Заңғар көк, оны мадақта,Аспандағы бұлттар, оны мадақтаңдар!
5 Лайым бұлар Ехобаның есімін мадақтасын,Өйткені олар соның бұйыруымен жаратылды+.
6 Құдай оларды мәңгілікке берік орнатты+,Оның берген жарлығы еш өзгермейді+.
7 Жерден Ехобаны мадақтаңдар:
Теңіздегі алып жаратылыстар, терең сулар,
8 Найзағай мен бұршақ, қар мен қара бұлттар,Оның сөзін орындайтын дауылды жел+,
9 Тау-төбелер мен қыраттар+,Мәуелі ағаштар мен қарағайлар+,
10 Аңдар+ мен үй жануарлары,Бауырымен жорғалаушылар мен құстар,
11 Жер бетіндегі патшалар, күллі ұлттар,Бекзадалар мен жер бетіндегі билер+,
12 Жас жігіттер мен пәк қыздар,Қарттар мен балалар.
13 Лайым бәрі де Ехобаның есімін мадақтасын,Өйткені соның есімі ғана қол жетпестей биікте+.
Оның ұлылығы жер мен көктен жоғары+.
14 Ол халқының күшін* асқақтатады,Адал қызметшілерінің мерейін үстем қылады,Исраил ұлдарының, өзіне жақын халықтың мерейін асырады.
Ехобаны* мадақтаңдар!
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Сөзбе-сөз “мүйізін”.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.