Зәбүр 23:1—6

  • “Ехоба — менің Бағушым”

    • “Мен ештеңеден тарықпаймын” (1)

    • “Ол менің жанымды жадыратады” (3)

    • “Тостағанымды ағыл-тегіл толтырасың” (5)

Дәуіттің жыры. 23  Ехоба — менің Бағушым+,Мен ештеңеден тарықпаймын+.   Ол мені жасыл жайлауда тынықтырады,Суы мол жайылымдарға* жетелеп апарады+.   Ол менің жанымды жадыратады+,Өз есімі үшін әділдік жолымен жетелеп жүреді+.   Тас қараңғы шатқалда жүрсем де+,Қауіп-қатерден қорықпаймын+,Өйткені сен қасымдасың+,Асатаяғың маған сенімділік* береді.   Дұшпандарымның алдында маған дастарқан жаясың+,Басыма май жағасың+. Тостағанымды ағыл-тегіл толтырасың+.   Иә, ізгілігің мен айнымас сүйіспеншілігіңді мәңгілік көремін+;Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткіземін+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Тынық суларға”.
Немесе “жұбаныш”.