Зәбүр 24:1—10

  • Даңқты Патшаның қақпадан кіруі

    • “Жер Ехобаға тиесілі” (1)

Дәуіттің жыры. 24  Жер мен ондағының бәрі Ехобаға тиесілі+,Құнарлы жер мен оның тұрғындары сонікі.   Жерді ол теңіздер үстіне берік тұрғызды+,Өзендер үстіне нық орнатты.   Ехобаның тауына кімнің шығуына болады+? Оның киелі орнында кімнің тұруына болады?   Еш жамандық жасамайтын, жүрегі таза+,Менің өміріммен* жалған ант бермейтін,Арамзалықпен ант су ішпейтін адамның тұруына болады+.   Мұндай адам Ехобадан бата алады+,Құтқарушы Құдай+ оны әділ деп табады*.   Оны іздейтіндердің ұрпағымен осылай болады. Уа, Жақыптың Құдайы, сенің ықыласыңа ие болғысы келетіндермен осылай болады. (Села)   Қақпалар, еңселеріңді көтеріп, биіктеңдер+,Ежелгі есіктер, ашылыңдар! Даңқты Патша кірсін+!   Ол даңқты Патша кім? Мықты да қуатты Ехоба+,Құдіретті жауынгер Ехоба+!   Қақпалар, еңселеріңді көтеріп, биіктеңдер+,Ежелгі есіктер, ашылыңдар! Даңқты Патша кірсін! 10  Ол даңқты Патша кім? Даңқты патша — Әскербасы Ехоба+! (Села)

Сілтемелер

Немесе “Менің жаныммен”. Мұнда адамның Ехобаның өмірімен ант беруі жайлы айтылып тұр.
Немесе “ол үшін әділдік орнатады”.