Зәбүр 34:1—22
Дәуіттің жыры. Алдында есуас болғансығанда+, Әбумәлік оны қуып жіберіп, құтылып кеткендегі оқиғаға арналған.
א [Алеф]
34 Мен әрдайым Ехобаны мадақтаймын,Мадақ жырын аузымнан еш тастамаймын.
ב [Бет]
2 Ехобаны мен мақтан тұтамын+,Мұны момындар естіп қуанады.
ג [Гимел]
3 Менімен бірге Ехобаны марапаттаңдар+,Келіңдер, есімін оның асқақтатайық!
ד [Далет]
4 Мен Ехобаға дұға еттім, ал ол жауап беріп+,Бар қорқынышымнан арылтты+.
ה [Хе]
5 Оған көз тіккендер жайнап шыға келді,Олар ұятқа қалып, жүздерін төмен салмайды.
ז [Заин]
6 Бір мүсәпір Ехобаны шақырған еді, ол құлақ асты,Бар пәледен оны құтқарды+.
ח [Хет]
7 Ехобадан қорқатындарды айналдыра оның періштесі қос тігіп+,Оларды құтқарады+.
ט [Тет]
8 Дәмін татыңдар да, Ехобаның ізгілігіне көз жеткізіңдер+;Одан пана тапқандар бақытты.
י [Йод]
9 Ехобаның қасиеттілері, одан қорқыңдар,Өйткені одан қорқатындар еш таршылық көрмейді+.
כ [Каф]
10 Тіпті абдан арыстандар да азыққа зәру болады,Ал Ехобаны іздейтіндер ешбір игіліктен құр қалмайды+.
ל [Ламед]
11 Келіңдер, ұлдарым, маған құлақ салыңдар,Мен сендерге Ехобадан қорқуды үйретемін+.
מ [Мем]
12 Қайсысың өмірдің рақатын көріп,Ұзақ жасап, бақытты болғың келеді+?
נ [Нун]
13 Онда тіліңнен жамандық+,Аузыңнан өтірік шықпауын қадағала+.
ס [Самех]
14 Жамандықтан қашық, жақсылыққа асық бол+,Татулық жолын ізде, соған ұмтыл+.
ע [Аин]
15 Ехобаның көзі әділдерде+,Құлағы көмек сұрап жалбарынған үндерінде+.
פ [Пе]
16 Ал жамандық жасайтындардан Ехоба жүзін теріс бұрады,Жер бетінен есімдерін із-түзсіз құртады+.
צ [Цади]
17 Әділдер жалбарынған еді, Ехоба құлақ асты+,Бар пәледен оларды құтқарды+.
ק [Коф]
18 Жүрегі жаралы жанға Ехоба жақын тұрады+,Сағы сынғандарды* құтқарады+.
ר [Реш]
19 Әділ жан қиындыққа көп кезігеді+,Бірақ Ехоба соның бәрінен азат етеді+.
ש [Шин]
20 Оның барлық сүйегін қорғайды,Бірде-бір сүйегі сындырылмайды+.
ת [Тав]
21 Зұлым адам апаттан көз жұмады;Әділді жек көретіндер айыпты болып шығады.
22 Ехоба өз қызметшілерінің құнын өтеп алады;Оны паналағандардың ешқайсысына айып тағылмайды+.
Сілтемелер
^ Немесе “Рухы күйрегендерді”.