Зәбүр 50:1—23

  • Құдай адал мен зұлымның төрешісі болады

    • Құдайдың құрбандық арқылы жасасқан келісімі (5)

    • “Құдай — Соттаушы” (6)

    • Жануар атаулы Құдайға тиесілі (10, 11)

    • Құдай зұлымдарды әшкере етеді (16—21)

Асаптың+ жыры. 50  Құдайлардың Құдайы* Ехоба+ тіл қатты,Ол күншығыстан батысқа дейін күллі жерді шақырады.   Көркі мінсіз Сионнан+ Құдай жарқырайды.   Құдайымыз келеді, әрі үнсіз қалмайды+,Оның алдында жалындаған от лаулайды+,Айналасын сұрапыл дауыл қоршайды+.   Ол өз халқын соттау үшін+,Көк пен жерді былай деп шақырады+:   “Адал қызметшілерімді,Құрбандық арқылы менімен келісім жасасқандарды+, маған жинаңдар!”   Көк оның әділдігін жариялайды,Өйткені Құдай — Соттаушы+. (Села)   “Ей, халқым, тыңда, саған айтар сөзім бар! Исраил, мен саған қарсы куәлік етемін+! Мен Құдаймын, сенің Құдайыңмын+.   Сені құрбандықтарың үшін де,Үнемі ұсынатын түгел өртелетін құрбандықтарың үшін де айыптамаймын+.   Маған үйіңдегі бұқаң да,Қораңдағы текең де қажет емес+. 10  Өйткені ормандағы аңдардың бәрі де,Тіпті барлық таулардағы жыртқыш аңдар да менікі+. 11  Мен тау-төбелердегі әрбір құсты білемін+,Даладағы сансыз хайуандар да менікі. 12  Ашықсам, мұны саған айтпас та едім,Өйткені құнарлы жер мен ондағының бәрі менікі+. 13  Мен бұқаның етін жеп,Текенің қанын ішуші ме едім+?! 14  Құрбандық ретінде Құдайға алғысыңды ұсын+,Алла Тағалаға берген серттеріңді орындаусыз қалдырма+. 15  Қиын-қыстау кезеңде мені шақыр+,Мен сені құтқарамын, сонда мені мадақтайсың+”. 16  Ал зұлымға Құдай мынаны айтады: “Менің жарлықтарымды тілге тиек етуге+,Келісімім туралы айтуға қандай қақың бар+? 17  Өйткені сен тәрбиені жек көресің,Сөздерімді де ешқашан менсінбейсің*+. 18  Ұрыны көрсең, оны қоштайсың*+;Неке адалдығын бұзушылармен де араласуды қоймайсың. 19  Аузыңнан тек жамандық шығады,Тіліңнен өтірік сөз арылмайды+. 20  Отырып алып, бауырыңа қарсы сөйлейсің+,Бір анадан туған бауырыңның кемшіліктерін жұртқа жаясың. 21  Осының бәрін істегеніңде, мен үндемедім,Сонда мені өзің сияқты болады деп ойладың. Бірақ енді мен сені айыптаймын да, саған қарсы дәлелдер келтіремін+. 22  Ей, Құдайды ұмытқандар+,Сендерді ешкім құтқара алмайтындай паршалап тастамауым үшін,Осыған ден қойыңдаршы. 23  Кім құрбандық ретінде алғыс ұсынса, сол мені мадақтайды+. Кім тура жолда берік тұрса, мен соны құтқарамын+”.

Сілтемелер

Яғни басқа құдайлардан жоғары тұрған Құдай.
Сөзбе-сөз “артыңа лақтырып жібересің”.
Мүмкін: “оған ортақтасасың”.