Зәбүр 54:1—7

  • Дұшпандар арасында жүргенде көмек сұрап дұға ету

    • “Құдай — менің көмекшім” (4)

Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптың сүйемелдеуімен орындалуға арналған. Маскил*. Дәуіттің жыры. Зиф тұрғындары Саулға келіп: “Дәуіт біздің арамызда жасырынып жүр”,— дегендегі оқиғаға қатысты жазылған+. 54  Уа, Құдайым, есімің арқылы мені құтқара көр+,Құдіретіңмен мені қорғай көр+.   Уа, Құдайым, дұғама құлақ асшы+;Аузымнан шыққан сөздеріме назар аударшы.   Өйткені бөтен адамдар маған қарсы шықты,Қатыгез адамдар жанымды алмақшы+. Олар Құдайды елең де қылмайды+. (Села)   Міне, Құдай — менің көмекшім+;Ехоба мені қолдайтындардың жағында.   Ол дұшпандарыма зұлымдықтарының қарымтасын қайтарады+;Құдайым, адалдығыңа сай олардың көзін құртшы+.   Мен саған даярлықпен құрбандық шаламын+. Есіміңді мадақтаймын, уа, Ехоба, өйткені бұл игі+.   Құдай мені бар пәледен құтқарады+;Мен жауларымның жеңілгенін өз көзіммен көремін+.

Сілтемелер