Зәбүр 62:1—12

  • Құдай ғана шынымен құтқарады

    • “Құдайымды үнсіз күтемін” (1, 5)

    • Құдайға “жүрек сырларыңды ақтарыңдар” (8)

    • Адам атаулы — небәрі дем (9)

    • Байлыққа арқа сүйеме (10)

Ән-күй жетекшісіне. Едутун*. Дәуіттің жыры. 62  Құдайымды мен үнсіз күтемін. Ол мені құтқарады+.   Ол — менің жартасым, құтқарушым, қауіпсіз панам+;Мен ешқашан қатты шайқалмаймын+.   Қашанғы өздерің жек көретін кісіні өлтіруді көксейсіңдер+? Бәрің де қисайып тұрған қауіпті дуалға, құлауға шақ тұрған тас дуалға ұқсайсыңдар*.   Олар бас қосып, оны жоғары дәрежесінен айыру үшін кеңеседі;Өтірік айтуды рақат көреді. Ауыздарымен бата береді, ал жүректерінде қарғап-сілейді+. (Села)   Құдайымды мен үнсіз күтемін+,Өйткені тек соған үміт артамын+.   Ол — менің жартасым, құтқарушым, қауіпсіз панам;Мен ешқашан да шайқалмаймын+.   Мені құтқаратын да, даңққа бөлейтін де — Құдай. Құдай — менің берік жартасым әрі панам+.   Ей, адамдар, әрдайым оған сенім артыңдар,Жүрек сырларыңды ақтарыңдар+. Құдай — біздің панамыз+. (Села)   Адам атаулы — небәрі дем ғана,Бар адамзат — елес қана+. Бәрін бірдей таразыға салып өлшесең, жеңіл болады шыққан демнен+. 10  Өзгені бопсалап табысқа жетемін деп ойлама,Қарақшылыққа да бекерге үміт артпа. Дүние-мүлкің молайса, оған бауыр баспа+. 11  Құдай маған екі рет былай деді: “Күш Құдайға тиесілі”+. 12  Айнымас сүйіспеншілік те саған тиесілі, уа, Ехоба+,Өйткені сен әркімге ісіне қарай қарымтасын қайтарасың+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Ол қисайып тұрған дуал сияқты, құлауға шақ тұрған тас дуал сияқты. Қашанғы бәрің жабылып оны өлтіруді көксейсіңдер?”