Зәбүр 63:1—11

  • Құдайды аңсап күту

    • “Айнымас сүйіспеншілігің өмірден артық” (3)

    • “Тойған кісідей қанағаттанамын” (5)

    • Түнде Құдай туралы ойлану (6)

    • “Мен сенен еш айырылмаймын” (8)

Дәуіттің жыры. Яһуда шөлінде жүрген кезіне қатысты жазылған+. 63  Уа, Құдай, сен менің Құдайымсың, өзіңді іздеуден талмаймын+. Жаным өзіңді күтіп, шөліркейді+. Қураған, қуаң, сусыз елде мен өзіңді аңсап, әбден әлсіредім+.   Киелі орныңда өзіңе қарап тұрдым,Құдіретің мен ұлылығыңды көрдім+.   Сенің айнымас сүйіспеншілігің өмірден артық+,Сондықтан аузыммен өзіңді мадақтаймын+.   Өмір бойы сені дәріптеп өтемін,Атыңды шақырып, қол жайып сиынамын.   Майлы тамақ жеп тойынған кісідей қанағаттанамын,Сол үшін өзіңе шаттық үнімен мадақ айтамын+.   Төсегімде жатып сені еске аламын,Түн ортасында* өзің жайлы ойланамын+.   Сен менің көмекшімсің+,Қанатыңның саясында қуана ән саламын+.   Мен сенен еш айырылмаймын,Сен мені оң қолыңмен мықтап ұстайсың+.   Ал менің көзімді құртпақ болғандарЖеті қабат жер астына түсіп жоғалар. 10  Олар семсерден қырылады,Шибөрілерге* жем болады. 11  Патша болса Құдайына қуанады. Оның атымен ант ететіндердің бәрі шаттанады,Өйткені өтірік айтатындардың аузы жабылады.

Сілтемелер

Немесе “Түнгі күзеттер кезінде”.
Немесе “Түлкілерге”.