Зәбүр 65:1—13
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. Ән.
65 Уа, Сиондағы Құдай+, сен мадаққа лайықсың;Біз өзіңе берген анттарымызды орындаймыз+.
2 Сен дұғаларды тыңдайсың;Өзіңе мінажат етуге әртүрлі адам келеді+.
3 Күнәларым өне бойымды биледі+,Бірақ сен қылмыстарымызды кешіресің+.
4 Аулаларыңда мекендесін деп,Өзің таңдап алған, өзің жақындатқан адам неткен бақытты+!
Біз сенің үйіңде+, киелі ғибадатханаңда, мол игілік көреміз+.
5 Сен бізге таңғажайып әділ істеріңмен жауап бересің+,Уа, құтқарушы Құдайымыз,Арқа сүйерісің жержүзі адамдарының+,Шалғайдағы теңіз аймағында тұратындардың.
6 Сен* күш-қуатыңмен тауларды берік орнаттың;Орасан зор сенің құдіретің+.
7 Сен* буырқанған теңіздерді, оның долы толқындарын да тыныштандырасың+,Халықтардың толқуын да басасың+.
8 Қиыр шеттің тұрғындары белгілеріңе таң-тамаша болады+;Күншығыстан күнбатысқа дейінгілерге шаттық әнін айтқызасың.
9 Сен жердің қамын жасайсың,Оның өнімін мол қыласың, байытасың+,Өзендерді суға толтырасың,Дәнді дақылдарын өсіріп шығарасың+,Себебі жерді осылай дайындағансың.
10 Жыртылған жерді суға қандырасың, топырағын тегістейсің,Жаңбыр жаудырып, жұмсартасың; өскініне батаңды төгесің+.
11 Осы жылға игілігіңді тәж етіп кигіздің,Жүріп өткен ізіңнен молшылық көрінеді+.
12 Иен даладағы жайылымдардың шөбі шүйгін болады+,Қуаныш жамылған қыраттар құлпырады+.
13 Жайылымдарда мыңғырған мал жайылады,Аңғарларда самсаған егін жайқалады+.
Олар шаттана айғайлайды, иә, ән салады+.