Зәбүр 68:1—35
Ән-күй жетекшісіне. Дәуіттің жыры. Ән.
68 Лайым Құдай түрегелсін, лайым жаулары бытырап кетсін,Оны жек көретіндер алдынан тым-тырақай қашсын+.
2 Желдің түтінді сейілтіп жіберетініндей, сен де оларды сейілтіп жіберші.
Балауыздың отқа еріп кететініндей,Зұлымдар Құдай алдынан құрып кетсе екен+.
3 Ал әділдер қуансын+,Құдай алдында шат-шадыман болсын,Лайым қуанып шаттансын.
4 Құдайға арнап ән салыңдар, есімін мадақтап шырқаңдар+,Шөлді аңғармен* өтіп бара жатқан оған арнап ән салыңдар.
Есімі оның — Ехоба*+! Оның алдында қуаныңдар!
5 Жетімдердің әкесі, жесірлердің қорғаушысы* — Құдай+,Ол өзінің киелі тұрағында+.
6 Құдай жалғыздарға тұратын үй береді+;Тұтқындарды босатып, табысқа жеткізеді+.
Ал қыңырлар қуаң жерде өмір сүреді+.
7 Уа, Құдай, сен халқыңды бастап алып жүргеніңде+,Шөл даламен өткеніңде, (Села)
8 Жер дүмпіп кетті+;Құдайдың алдында аспаннан жаңбыр құйды.
Исраил Құдайының алдында Синай тауы шайқалып кетті+.
9 Уа, Құдай, сен көл-көсір жаңбыр жаудырдың,Әбден қажыған халқыңа қайта күш дарыттың.
10 Олар сенің қосыңдағы шатырларда тұрды+;Ізгілігіңмен кедей-кепшіктің қамын жасадың, уа, Құдай.
11 Ехоба бұйрық береді;Ізгі хабарды жариялайтын қыз-келіншектер қалың қолды құрайды+.
12 Үйде қалған әйел олжадан үлес алып жатқанда+,Жау әскерлерінің патшалары қашып барады+, олар қашып барады!
13 Сендер қостағы оттарды айнала* жатсаңдар да,Қауырсындары жасыл сары алтынмен,Қанаттары күміспен көмкерілген кептердікіндей қанаттарың болады.
14 Құдіреті шексіз Құдай осы жердің патшаларын бытыратып жібергенде+,Салмонға қар түскендей болды.
15 Башан тауы+ — Құдайдың тауы,Башан тауы — шыңдары бар тау.
16 Ей, шыңдары бар таулар!
Неге Құдай өз тұрағы ету үшін таңдаған тауға қызғана қарайсыңдар+?
Ехоба сол жерде мәңгі бақи мекендейтін болады+.
17 Құдайдың соғыс арбалары ондаған мың, сан мыңдаған+.
Ехоба Синайдан киелі орынға келді+.
18 Сен заңғар биікке көтерілдің+,Тұтқындарды алып кеттің,Адамдарды сый ретінде алдың+,Иә, Ехоба* Құдай, солардың арасында мекендеуің үшін, тіпті қыңырларын да алдың+.
19 Күнделікті ауыртпалығымызды көтеретін Ехоба дәріптелсін+,Бізді құтқаратын шынайы Құдай дәріптелсін. (Села)
20 Шынайы Құдай — біз үшін құтқарушы Құдай+;Әлемнің Әміршісі Ехоба өлімнен аман сақтайды+.
21 Иә, Құдай жауларының басын жарады,Күнә жасауын қоймайтындардың қақ төбесінен ұрады+.
22 Ехоба былай дейді: “Мен оларды Башаннан қайтып әкелемін+,Теңіз тұңғиығынан қайта шығарып аламын,
23 Осылай сен аяғыңды қанға жуасың+,Иттерің жауларыңның қанын жалайды”.
24 Олар сенің салтанатты шеруіңді көреді, уа, Құдай!
Олар менің Құдайымның, Патшамның, киелі орынға бара жатқан салтанатты шеруін көреді+.
25 Алдында әншілер, олардан кейін ішекті аспапта ойнайтындар+,Ал араларында даңғырада ойнап қыз балалар келеді+.
26 Жиындарда Құдайды мадақтаңдар,Исраилдің Қайнарынан өмір алғандар, Ехобаны мадақтаңдар+!
27 Кенже Бениямин+ жұртты бағындырады,Шулы нөпірімен Яһуда бекзадалары,Забулон мен Нафталим бекзадалары да оларды бағындырады.
28 Құдайың сені мықты болады деп ұйғарды.
Уа, біздің игілігіміз үшін әрекет ететін Құдай, күш-қуатыңды көрсетші+.
29 Иерусалимдегі ғибадатханаң+ үшін патшалар саған сый-тарту әкеледі+.
30 Қамыс арасындағы жабайы аңдарды,Жиналған бұқаларды да+ бұзауларымен қоса айыпташы,Жұрт саған күміс ақша әкеліп, бас ұрғанша солай етші.
Ал соғысқұмар адамдарды сен бытыратып жібересің.
31 Мысырдан қола бұйымдар әкелінеді*+,Құш елі Құдайға сый-тарту беруге асығады.
32 Ей, жердегі патшалықтар, Құдайға ән шырқаңдар+,Ехобаға мадақ әнін шырқаңдар. (Села)
33 Ол ежелден бар болған заңғар көкте жүріп келеді+.
Тыңдаңдар, ол керемет зор даусымен күркірейді!
34 Құдайдың күшін мойындаңдар+!
Ол ұлылықпен Исраилге билік жүргізеді,Оның күші аспанда.
35 Ұлы ғибадатханасында Құдай қастерлі сезімге бөлейді+.
Ол — өз халқына күш пен құдірет беретін Исраилдің Құдайы+.
Құдайды мадақтаңдар!
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Бұлттар арасымен”.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Сөзбе-сөз “төрешісі”.
^ Мүмкін: “Сендер қойқораларда”.
^ Сөзбе-сөз “Ях”. Ях — Ехоба деген есімнің қысқа түрі.
^ Мүмкін: “Мысырдан елшілер келеді”.