Зәбүр 86:1—17
Дәуіттің дұғасы.
86 Уа, Ехоба, еңкейіп құлақ түрші, жауап берші,Өйткені мен бейшара әрі жарлымын+.
2 Жанымды күзетіп жүрші, себебі мен өзіңе адалмын+.
Өзіңе сенім артатын қызметшіңді аман сақташы,Өйткені сен менің Құдайымсың+.
3 Ықыласыңды түсірші, уа, Ехоба+,Өйткені күні бойы өзіңді шақырамын+.
4 Қызметшіңнің жанын жадыратшы,Өйткені өзімді саған бағыштадым, уа, Ехоба.
5 Уа, Ехоба, сен ізгі+ әрі кешіруге дайынсың+,Өзіңе арқа сүйейтіндердің ешқайсысынан айнымас сүйіспеншілігіңді аямайсың+.
6 Уа, Ехоба, дұғама құлақ салшы,Көмек сұраған өтінішіме ден қойшы+.
7 Басыма күн туғанда өзіңді шақырамын+,Өйткені сен жауап бересің+.
8 Уа, Ехоба, өзіңе тең келер құдай жоқ+,Сенікіндей істер де жоқ+.
9 Өзің жаратқан халықтардың бәріАлдыңа келіп, тағзым етеді, уа, Ехоба+,Олар сенің есіміңді дәріптейді+.
10 Өйткені сен ұлысың, ғажап істер жасайсың+;Жалғыз сен ғана Құдайсың+.
11 Уа, Ехоба, мені өз жолыңа бағытташы+.
Шындық жолыңда жүрейін+.
Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін+.
12 Уа, Ехоба Құдайым, сені бар жүрегіммен даңқтаймын+,Мәңгілік бойы есіміңді мадақтаймын.
13 Өйткені маған деген айнымас сүйіспеншілігің ұлан-ғайыр,Әрі сен жанымды* көрдің* тұңғиығынан сақтап қалдың+.
14 О, Құдай, маған қарсы менмендер бас көтерді+,Қатыгездер тобыры жанымды алғалы жүр,Олар сені құрметтеу дегенді білмейді+.
15 Бірақ сен, уа, Ехоба, мейірімді де жанашыр,Ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мен адалдығы* мол Құдайсың+.
16 Маған жүзіңді бұрып, ықыласыңды түсірші+.
Қызметшіңе өз күшіңнен күш дарытшы+,Күңіңнің ұлын аман сақташы.
17 Маған ізгілігіңнің нышанын көрсетші,Мұны көрген жауларым ұятқа қалсын.
Өйткені, уа, Ехоба, сен менің көмекшім әрі жұбатушымсың.
Сілтемелер
^ Немесе “өмірімді”. Түсіндірмедегі “Жан” сөзін қараңыз.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
^ Немесе “шындығы”.