Зәбүр 96:1—13

  • “Ехобаға жаңа ән шырқаңдар”

    • Ехоба мадаққа әбден лайық (4)

    • Халықтардың құдайлары түкке тұрғысыз (5)

    • Киелі сән-салтанатпен ғибадат ету (9)

96  Ехобаға жаңа ән шырқаңдар+! Жержүзі, Ехобаға ән шырқаңдар+!   Атын мадақтап, Ехобаға ән шырқаңдар,Құтқаратыны жайлы ізгі хабарды жариялап,Күн сайын оған ән шырқаңдар+.   Ұлттар арасында ұлылығын,Күллі халықтар арасында керемет істерін жариялаңдар+.   Ехоба ұлы, әрі мадаққа әбден лайық,Күллі құдай атаулыдан әлдеқайда айбынды.   Өзге халықтар табынатын құдайлардың бәрі де түкке тұрғысыз+,Ал Ехоба — көкті жаратқан Құдай+.   Ұлылық пен салтанат оның алдында+,Күш пен әсемдік киелі тұрағында+.   Ру атаулы, Ехобаға тиістісін беріңдер,Салтанаты мен құдіреті үшін, Ехобаға тиістісін беріңдер+!   Ехобаны есіміне лайық дәріптеңдер+! Оның аулаларына сый-тартумен кіріңдер.   Киелі сән-салтанатпен* Ехобаға бас иіңдер,Жержүзі, оның алдында қалтырап-дірілдеңдер! 10  Ұлттар арасында: “Ехоба Патша болды+! Жер берік орнатылған, ол еш мызғымайды. Құдай халықтарды әділ соттайды+”,— деп жариялаңдар. 11  Лайым көк шаттансын, жер де қуансын,Лайым теңіз бен ондағының бәрі шуласын+. 12  Дала мен ондағылардың бәрі шаттансын+,Ормандағы ағаштар да қуана айғайласын+. 13  Бұның бәрі Ехобаның алдында жасалсын,Өйткені ол келе жатыр,Иә, жерді соттауға келе жатыр. Ол жер тұрғындарын әділ соттайды+,Адамдарға адалдықпен үкім айтады+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Киелілігі салтанатты болғаны үшін”.