Зәкәрия 1:1—21

  • Ехобаға оралуға шақыру (1—6)

    • “Маған қайта оралыңдар, сонда мен де сендерге ораламын” (3)

  • 1-аян: мирта ағаштарының арасындағы салт аттылар (7—17)

    • “Ехоба Сионды қайта жұбатады” (17)

  • 2-аян: төрт мүйіз және төрт ұста (18—21)

1  Дарийдің екінші жылының+ сегізінші айында Ехоба* Құдай Зәкәрия*+ пайғамбарға (Зәкәрия Берекияның, Берекия Иддоның ұлы болатын) сөзін арнап былай деді:  “Ехоба сендердің ата-бабаларыңа қатты ашуланған еді+.  Оларға бар да, Әскербасы Ехоба мынаны айтып жатыр де: —Маған қайта оралыңдар,— дейді Әскербасы Ехоба. Сонда мен де сендерге ораламын+,— дейді Әскербасы Ехоба.  Ата-бабаларың сияқты болмаңдар. Бұрынғы пайғамбарлар оларға Әскербасы Ехобаның “жаман жолдарыңды, зұлым істеріңді тастап, маған бет бұрыңдаршы*+ деген сөздерін жариялаған еді. Бірақ ата-бабаларың тыңдамады, маған мән де бермеді+,— дейді Ехоба.  Сол ата-бабаларың қазір қайда? Пайғамбарлар мәңгі өмір сүрді ме?  Алайда менің қызметшілеріме, пайғамбарларға, бұйырған сөздерім мен нұсқауларымның орындалғанын ата-бабаларың өз көздерімен көрді, солай емес пе+? Сөйтіп, олардың өкініп: —Әскербасы Ехоба өз шешімін жүзеге асырып, ұстанған жолдарымыз бен істеген істерімізге сай жазалады,— деп мойындауына тура келді+”.  Дарийдің билігінің екінші жылы+, он бірінші айдың, яғни шебат* айының, жиырма төртінші күні Ехоба Зәкәрия пайғамбарға (Зәкәрия Берекияның, Берекия Иддоның ұлы болатын) аян берді.  Мен түнгі осы аянда мынаны көрдім: қызыл атқа мінген бір адам шатқалдағы мирта ағаштарының арасында тапжылмай тұр екен. Оның арт жағында қызыл, күрең және ақ аттар тұрды.  Сонда мен: “Ием, мына салт аттылар кімдер?”— деп сұрадым. Менімен сөйлесіп тұрған періште: “Саған бұлардың кім екенін көрсетейін”,— деп жауап қатты. 10  Сонда мирта ағаштарының арасында тапжылмай тұрған әлгі адам: “Бұлар Ехобаның жер бетін шарлап келуге жібергендері”,— деді. 11  Олар мирта ағаштарының арасында тұрған Ехобаның періштесіне: “Біз жер бетін шарлап шықтық. Бүкіл жер беті тыныш әрі бейқам жатыр екен+”,— деді. 12  Сол кезде Ехобаның періштесі: “Уа, Әскербасы Ехоба, Иерусалим мен Яһуданың басқа да қалаларына қашанғы рақым етпейсің+? Оларға ашуланғаныңа, міне, 70 жыл болды ғой+”,— деді. 13  Ехоба менімен сөйлесіп тұрған періштеге жылы да жұбататын сөздермен жауап берді. 14  Сонда періште маған: “Сен жар салып, Әскербасы Ехоба мынаны айтады де: —Иерусалим мен Сионды құлшына қорғаймын, менің құлшынысым орасан зор+. 15  Мен алаңсыз жатқан халықтарға+ қатты ашулымын. Өйткені халқымды шамалы ғана жазаламақ едім+, ал олар болса халқыма тым көп зорлық көрсетті+. 16  Сондықтан Ехоба: —Иерусалимге рақым ету үшін ораламын+, сол жерде менің үйім қайта соғылады+,— дейді.— Иерусалимді қайта тұрғызу үшін, өлшеуіш жіп тартылатын болады+,— дейді Әскербасы Ехоба. 17  Сен тағы да жар салып, Әскербасы Ехоба мынаны айтады де: —Менің қалаларым қайтадан ағыл-тегіл игілікке кенеледі. Ехоба Сионды қайта жұбатады+, Иерусалимді қайта таңдайды+”. 18  Сосын жоғары қарап, төрт мүйізді көрдім+. 19  Сонда менімен сөйлесіп тұрған періштеден: “Бұл мүйіздер нені білдіреді?”— деп сұрадым. Ол: “Бұл мүйіздер Яһуданы+, Исраил+ мен Иерусалимді+ бытыратып жіберген күштерді білдіреді”,— деп жауап берді. 20  Содан кейін Ехоба маған төрт ұстаны көрсетті. 21  Мен: “Олар не істеу үшін келе жатыр?”— деп сұрадым. Ол болса: “Бұлар Яһуданы ешкім бас көтере алмастай етіп бытыратып жіберген мүйіздер. Ал ұсталар олардың үрейін ұшыру үшін, сондай-ақ Яһуда елін бытыратпақ болып, оған қарсы мүйіздерін көтерген халықтардың мүйіздерін құлату үшін келеді”,— деді.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Мағынасы “Ехоба есіне алды”.
Немесе “оралыңдар”.