Зәкәрия 10:1—12

  • Жауынды жалған құдайлардан емес, Ехобадан сұраңдар (1, 2)

  • Ехоба өз халқын жинап алады (3—12)

    • Яһуда үйінен шыққан басшы (3, 4)

10  Ехобадан көктемгі жауынды өз мезгілінде беруін сұраңдар. Қалың бұлттарды жинайтын,Адамдар үшін жаңбыр жауғызатын+,Бәріне жер өнімін беретін — Ехоба ғой.   Пұттар* өтірік* айтады,Сәуегейлер жалған аян көреді. Олар мәнсіз түстер жайлы айтып,Бос жұбаныш беріп жүр. Сондықтан жұрт қой сияқты адасатын болады,Бағушысы болмай, қиналады.   Бағушыларға менің ашуым келеді,Қатыгез басшыларды* жауапқа тартамын. Өйткені Әскербасы Ехоба өз отарына+,Яһуда үйіне, назарын салып,Оны шайқаста айбатты тұлпардай етеді.   Яһуда үйінен басшы*,Тіреніш болатын билеуші*,Мықты жауынгер* шығады,Бақылаушылар шығады, иә, бәрі содан шығады.   Олар мықты сарбаздардай болады,Шайқаста көше балшығын таптайды. Ехоба жар болып+, олар шайқасқа шығады,Сонда жаудың салт аттылары ұятқа қалады+.   Мен Яһуда үйін үстем етемін,Жүсіптің үйін құтқарамын+. Оларға рақым етіп+, қалпына келтіремін. Сонда олар мен өздерінен ешқашан бас тартпағандай болады+. Өйткені мен Құдайлары Ехобамын, оларға жауап қатамын.   Ефремдіктер мықты жауынгердей болады,Шарап ішкендей жүректері қуанышқа толады+. Мұны ұлдары да көріп қуанады. Ехобаға жүректері шаттанады+.   “Мен ысқырып, оларды жинап аламын. Оларды құн төлеп азат етемін+, сонда үбірлі-шүбірлі болып,Көбейген үстіне көбейе береді.   Мен оларды халықтар арасына тұқымдай шашсам да,Шалғай жерлерде мені естеріне алады. Олар бала-шағасымен қоса қайта жанданып, елге оралады. 10  Мен оларды Мысыр елінен қайтарамын,Ассириядан+ жинап аламын. Оларды Ғалақат+ пен Ливан өлкесіне әкелемін. Тіпті сол жерде де оларға орын жетпей қалады+. 11  Оларға бөгет болған теңізден буырқандырып өте шығып,Оның толқындарын тыныштандырамын+. Нілдің терең суларын құрғатамын. Сонда Ассирияның көтерген кеудесі басылып,Мысыр асатаяғынан айырылады+. 12  Мен, Ехоба, оларды үстем етемін+. Олар менің есіміммен жүретін болады+”,— дейді Ехоба.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “терафим”, яғни отбасы тәңірлері.
Немесе “сиқырлық; жұмбақ жайттар”.
Сөзбе-сөз “текелерді”.
Сөзбе-сөз “бұрыштық мұнара”. Бұл бейнелі сөз беделді, маңызды адамға нұсқайды.
Сөзбе-сөз “қазық”. Бұл бейнелі сөз сүйеніш болатын адамға нұсқайды.
Сөзбе-сөз “шайқас садағы”.