Зәкәрия 3:1—10
3 Сосын ол маған Ехобаның періштесінің алдында тұрған бас діни қызметкер Ешуаны+, сондай-ақ оған қарсылық көрсету үшін оң жағында тұрған Шайтанды+ көрсетті.
2 Ехобаның періштесі Шайтанға: “Сені Ехоба айыптасын, Шайтан+! Иә, сені Иерусалимді таңдап алған+ Ехоба айыптасын! Бұл адам оттан суырып алған ағаш емес пе?!”— деді.
3 Ешуа періштенің алдында былғанған киіммен тұрған еді.
4 Періште өзінің алдында тұрғандарға: “Оның былғанған киімін шешіңдер”,— деп тапсырды. Сосын Ешуаға: “Міне, сені кінәңнан арылттым, саған салтанатты киім кигізіледі+”,— деді.
5 Сол кезде мен: “Басына таза сәлде кигізілсін”+,— дедім. Олар оның басына таза сәлде, үстіне киім кигізді. Ехобаның періштесі сол жерде тұрды.
6 Сосын Ехобаның періштесі Ешуаға былай деді:
7 “Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Егер сен менің жолыммен жүріп, менің алдымдағы міндеттеріңді орындасаң, үйіме сот жүргізуші+ және аулаларыма қараушы боласың. Сондай-ақ сені осында тұрғандардың арасында емін-еркін жүріп тұратын етемін.
8 Уа, Бас діни қызметкер Ешуа, сен де, алдыңда отырған серіктестерің де, тыңдаңдаршы. Өйткені бұл адамдар — болашақтың нышаны. Міне, мен Өскін+ деп аталатын қызметшімді+ әкелемін!
9 Қараңдар, мен Ешуаның алдына тас қойдым! Осы таста жеті көз бар*. Оған қашап жазу жазамын. Мына елді күнәсінан бір күннің ішінде арылтамын+,— дейді Әскербасы Ехоба.
10 Сол күні әрқайсысың өз көршіңді жүзіміңнің, інжір ағашыңның астында отыруға шақыратын боласыңдар+,— дейді Әскербасы Ехоба”.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “тасқа жеті көз қарап тұр”.