Зәкәрия 5:1—11

  • 6-аян: ұшып бара жатқан шиыршық (1—4)

  • 7-аян: өлшеуіш ыдыс (5—11)

    • Ыдыс ішіндегі әйел зұлымдықты бейнелейді (8)

    • Ыдыс Шинар еліне әкетілді (9—11)

5  Сосын тағы да жоғары қарап, ұшып бара жатқан бір шиыршықты көрдім.  Періште менен: “Не көріп тұрсың?”— деп сұрады. Мен: “Ұшып бара жатқан шиыршықты көріп тұрмын. Оның ұзындығы 20 шынтақ*, ені 10 шынтақ екен”,— дедім.  Ол маған былай деді: “Бұл — бүкіл жер бетіне төніп тұрған қарғыс. Өйткені ұрлық жасаған+ әркім осы шиыршықтың бір бетінде жазылған қарғысқа сай жазаланып жатқан жоқ. Жалған ант беретін+ әркім де осы шиыршықтың келесі бетінде жазылған қарғысқа сай жазасын алып жатқан жоқ.  Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Қарғысты мен жібердім. Ол ұрының үйіне және менің атыммен жалған ант беретіннің үйіне кіреді. Сол жерде қалып, ол үйді де, оның бөренелері мен тастарын да жалмап қояды”.  Менімен сөйлескен періште жақынырақ келіп, маған: “Қарашы, бірдеңе шығып келеді”,— деді.  “Бұл не екен?”— деп сұрадым. Періште маған: “Шығып келе жатқан нәрсе — өлшеуіш ыдыс*. Бұл — бүкіл жер бетіндегі зұлымдардың бейнесі”,— деп жауап берді.  Сонда ыдыстың дөңгелек қорғасын қақпағы ашылды, оның ішінде бір әйел отыр екен.  “Бұл әйел — Зұлымдық”,— деді ол. Сосын әйелді ыдыстың ішіне қайта итеріп жіберді де, қорғасын қақпағын жауып қойды.  Бұдан кейін желмен самғап ұшып келе жатқан екі әйелді көрдім. Олардың қанаттары дегелектің қанатындай екен. Олар әлгі ыдысты жер мен көктің арасына көтеріп әкетті. 10  Сонда өзіммен сөйлесіп тұрған періштеден: “Олар ыдысты қайда апарады?”— деп сұрадым. 11  Ол: “Әйелге үй салып беру үшін, оны Шинар*+ еліне апара жатыр. Үй дайын болғанда, оны тиісті орнына қояды”,— деп жауап берді.

Сілтемелер

1 шынтақ 44,5 см-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Сөзбе-сөз “ефа”. 1 ефа 22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
Яғни Бабыл.