Зәкәрия 6:1—15

  • 8-аян: төрт соғыс арбасы (1—8)

  • Өскін — патша әрі діни қызметкер (9—15)

6  Сосын мен тағы жоғары қарап, екі таудың арасынан шығып келе жатқан төрт соғыс арбасын көрдім. Бұл екі тау мыс тау екен.  Бірінші арбаға қызыл, екінші арбаға қара аттар жегіліпті+.  Үшінші арбаға ақ, ал төртінші арбаға шұбар және теңбіл аттар жегілген екен+.  Мен өзіммен сөйлесіп тұрған періштеден: “Ием, бұл неғылған арбалар?”— деп сұрадым.  Періште маған: “Бұлар — бүкіл жер бетінің Иесінің алдына барғаннан кейін жолға шыққан+ көктің төрт рухы*+.  Қара аттар жегілген арба солтүстікке+, ақ аттар теңіздің арғы жағына, шұбар аттар оңтүстікке қарай бет алды.  Теңбіл аттар өздері баруы керек жерге қарай ұмтылып тұрды”. Сосын ол: “Барыңдар, жерді шарлап шығыңдар!”— деді. Олар жер бетін шарлауға шықты.  Кейін ол маған дауыстап: “Әне, солтүстіктегі елге кеткендері Ехобаның сол жерге деген ашуын* басты”,— деді.  Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді: 10  “Сен Хелдайдың, Тобиях пен Едаяхтың жер аударылған халықтан әкелген сый-тартуынан ал. Сөйтіп, Бабылдан келген осы үшеуімен бірге сол күні Софония ұлы Жосияның үйіне бар. 11  Күміс пен алтыннан тәж* жасап, бас діни қызметкер Ехосадықтың ұлы Ешуаның+ басына кигіз. 12  Содан кейін оған Әскербасы Ехоба: —Бұл адамның есімі — Өскін+. Ол өз орнынан өсіп шығып, Ехобаның ғибадатханасын тұрғызады+. 13  Ехобаның ғибадатханасын тұрғызатын да, атақ-даңққа бөленетін де сол. Ол өз тағына отырып, билік жүргізеді, сондай-ақ діни қызметкер болады+. Ол осы екі міндетін үйлесімді атқарады*. 14  Ал тәж Хелем, Тобиях, Едаях+ және Софония ұлы Хеннің істегендерін еске салып тұру үшін Ехобаның ғибадатханасына қойылады. 15  Алыста жүргендер келіп, Ехобаның ғибадатханасын соғу ісіне атсалысады,— дейді деп айт. Сонда мені сендерге Әскербасы Ехоба жібергенін білетін боласыңдар. Ехоба Құдайларыңның айтқанына құлақ салсаңдар, бұл жүзеге асады”.

Сілтемелер

Бұл періштелердің төрт тобына нұсқауы мүмкін.
Сөзбе-сөз “рухын”.
Немесе “ұлы тәж”.
Немесе “осы екеуінің арасында тыныштық келісімі орнайды”.