Зәкәрия 7:1—14

  • Екіжүзділікпен ұстаған оразаны Ехобаның айыптауы (1—14)

    • Оразаны мен үшін ұстадыңдар ма? (5)

    • Бір-біріңе әділдік, айнымас сүйіспеншілік және рақымдылық көрсетіңдер (9)

7  Дарий патшаның билік құруының төртінші жылында, тоғызыншы айдың, яғни кислев* айының, төртінші күні Ехоба Зәкәрияға+ сөзін арнады.  Бетелдің жұрты Шарезерді, Регем-Мәлік пен оның адамдарын Ехобадан рақым етуін сұрауға жіберді.  Олар Әскербасы Ехобаның үйіндегі діни қызметкерлер мен пайғамбарлардан: “Біз* ұзақ жылдар бойы істеп келе жатқанымыздай, бесінші айда+ жылап, ораза ұстай беруіміз керек пе?”— деп сұратты.  Сонда Әскербасы Ехоба маған тағы да сөзін арнап былай деді:  “Елдің күллі жұртына және діни қызметкерлерге былай деп айт: —70 жыл бойы+ бесінші және жетінші айда+ ораза ұстап, жылағандарыңда, мұны мен үшін істедіңдер ме?  Ішіп-жеген кезде, өздерің үшін ішіп-жедіңдер емес пе?  Иерусалим мен оның айналасындағы қалаларда ел мекендеген бейбіт кезде, Негев пен Шефелада да жұрт тұрып жатқан кезде, Ехобаның ежелгі пайғамбарлар арқылы айтқан сөздерін+ тыңдауларың керек емес пе еді?”.  Ехоба Зәкәрияға тағы сөзін арнап былай деді:  “Әскербасы Ехоба: —Әділ сот жүргізіңдер+, бір-біріңе айнымас сүйіспеншілік+ және рақымдылық көрсетіңдер. 10  Жесір мен жетімді+, жатжерлік+ пен кедейді+ алдамаңдар, жүректеріңде бір-біріңе залымдық ойламаңдар+,— дейді. 11  Бірақ кезінде олар айтқанымды еш елемеді+, қасарысып кері бұрылды+, естімес үшін құлақтарын жауып алды+. 12  Олар жүректерін алмастай* қатайтып алып+, Әскербасы Ехобаның өз рухымен ежелгі пайғамбарлар арқылы айтқан заңдары мен сөздерін орындамады+. Сондықтан Әскербасы Ехоба оларға қатты ашуланды+. 13  Мен* шақырғанда, олар құлақ салмаған+, сондықтан олар шақырғанда, мен де құлақ салмадым+,— дейді Әскербасы Ехоба.— 14  Оларды өздері бұрын-соңды білмеген халықтар арасына дауылмен ұшырғандай бытыратып жібердім+. Арттарында қалған ел қаңырап бос қалды, ол жерден ешкім өткен де, оған қайта оралған да жоқ+. Олар көрікті өлкені адам шошырлық күйге түсірді”.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “мен”.
Мүмкін: “қатты тас”. Бұл қайрақ тас сияқты тас болса керек.
Сөзбе-сөз “ол”.