Ишая 22:1—25
22 Аян аңғары* туралы ауыр хабар+:
Саған не болған? Неге тұрғындарыңның бәрі үй төбелеріне шығып алған?
2 Ей, абыр-сабыр қала, шаттанған шаһар,Сен беймаза едің.
Сенің халқың қырылды,Бірақ ол семсерден де, шайқаста да қырылған жоқ+.
3 Барлық қатыгез билеушілерің бірге қашты+.
Олар садақсыз-ақ тұтқынға алынды.
Шалғайға қашып кетсе де,Ұсталғандардың бәрі тұтқындалды+.
4 Сондықтан мен былай дедім: “Маған қарамаңдар,Мен көз жасымды көл қыламын+.
Жұбатуға да тырыспаңдар,Мен халқымның апатқа ұшыраған қызын* жоқтаймын+.
5 Өйткені Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба Аян аңғарының басынаДүрліктіретін, жеңіліске ұшырататын, асып-састыратын күн жіберді+.
Дуал қиратылды+,Айқайлағандардың даусы тауға дейін жетіп жатыр.
6 Елам+ аттарға жегілген соғыс арбасынан қорамсағын алды,Кир+ қалқанын дайындады.
7 Сенің таңдаулы жазықтарыңды соғыс арбалары қаптайды,Қақпаңның алдына атты әскер келіп сап құрады.
8 Сонда Яһуданың қорғанышы тас-талқан болады.
Сол күні сен Ливан орманы деген үйдегі+ қару қоймасына көз тігесің,
9 Дәуіт қаласының дуалындағы ойықтарды тексеріп шығасың+. Төменгі хауызға+ су жинайсың.
10 Иерусалим үйлерін тексеріп шығып, қабырғаны мығымдау үшін кейбіреулерін бұзасың.
11 Ескі хауыздың суын сақтау үшін екі қабырғаның арасына тоған жасайсың, бірақ атам заманда мұны шешіп қойған Ұлы Жаратушыға назарыңды салмайсың.
12 Сол күні Әлемнің Әміршісі Әскербасы ЕхобаСені зар еңіреп жоқтауға+,Шашыңды қырып тастап, үстіңе азалы киім киюге шақырады.
13 Бірақ сен сауық-сайран құрып, масайрап жүрсің,Ірі қара, ұсақ мал сойып,Етін жеп, шарап ішіп отырып+:
—Ішіп-жеп алайық, ертең бәрібір өлеміз ғой+,— дейсің”.
14 Бұдан кейін Әскербасы Ехоба маған мынаны ашты: “Бұл күнәнің құны өле-өлгендеріңше өтелмейді+. Мұны айтып отырған — Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба”.
15 Әлемнің Әміршісі Әскербасы Ехоба былай дейді: “Патша сарайындағы әлгі үй басқарушысы Шебнаға+ бар да:
16 —Осы жерден өзіңе мазар қашап салатындай, мұнда сенің нең бар немесе кімің бар?— деп айт. Ол төбе басына өзіне мазар қашап салып жатыр. Жартасты үңгіп, өзіне тынығатын орын жасап жатыр.
17 Міне, мен, Ехоба, сені жерге атып ұрамын, уысымда қысып ұстаймын.
18 Сені қысып ораймын да, доп сияқты иен далаға лақтырып жіберемін. Сен сол жерде өлесің, қожайыныңның үйін масқара ететін салтанатты күймелерің де сол жерде болады.
19 Мен сені орныңнан түсіріп тастаймын, дәрежеңді төмендетемін.
20 Сол күні мен қызметшім Хелкия ұлы Елиәкімді+ шақырып аламын.
21 Үстіне сенің шапаныңды кигізіп, беліне белбеуіңді тағамын да+, сендегі билікті соның қолына тапсырамын. Осылай ол Иерусалим тұрғындары мен Яһуда үйінің әкесі болады.
22 Мен оның иығына Дәуіт үйінің кілтін ілемін+. Ол ашқанды ешкім жаппайды, ол жапқанды ешкім ашпайды.
23 Мен оны мықты қабырғаға шеге іспетті қағамын, ол әкесінің әулеті үшін салтанатты тақ болады.
24 Оған әкесінің әулетінің, ұрпағы мен үрім-бұтағының, бар ұлылығын ілетін болады. Иә, барлық кішкентай ыдыстар мен табақтар, үлкен құмыралар да соған ілінеді.
25 Әскербасы Ехоба былай дейді: —Сол күні мен мықты қабырғаға қағылған шегені алып тастаймын+. Ол кесіліп түсіп, жерге құлайды да, оған ілулі тұрған жүк те бірге құлап, тас-талқан болады, өйткені мұны Ехоба айтты”.
Сілтемелер
^ Иерусалим туралы айтылып тұрса керек.
^ Бұлай тұлғаландыру аяуды не жанашырлықты білдіретін поэзиялық тәсіл болса керек.