Ишая 32:1—20

  • Патша мен әміршілер шынайы әділдік үшін басқарады (1—8)

  • Өздеріне тым сенімді әйелдерге жасалған ескерту (9—14)

  • Рух төгілгенде алатын баталар (15—20)

32  Міне, патша+ туралық үшін патшалық құрады+,Әміршілер әділдік үшін басқаратын болады.   Олардың әрқайсысы желден қорғайтын сая,Жаңбырлы дауылдан бассауғалайтын пана сияқты болады. Олар құла түздегі су көздеріндей+,Қуаң жердегі алып жартастың саясындай болады.   Сол кезде көзі көретіндер енді қайтып көздерін жаппайды,Құлағы еститіндер мұқият тыңдайды.   Ұшқалақ адам білімге ден қояды. Тұтығатын адам мүдірмей, анық сөйлейді+.   Бұдан былай ақымақ адам жомарт деп,Көргенсіз адам қадірлі деп саналмайтын болады.   Өйткені ақымақ адам босқа сандырақтайды,Жүрегінде арамзалық ойлайды+. Ол мұны білгенінше әрекет етіп, Ехобаны қаралау үшін істейді,Ашыққанды тамақсыз, шөліркегенді сусыз қалдыруды көздейді.   Көргенсіз адам арам әдістер қолданады+,Өтірігімен бейшараның көзін құрту үшін,Ұятсыз әрекет жасалуына түрткі болады+;Кедейдің айтып тұрғаны дұрыс болса да солай қылады.   Ал жомарт жан жомарттықты шын көңілден жасайды,Әрі жомарттық жасаудан таймайды.   “Өздеріне тым сенімді әйелдер, түрегеліп, үніме құлақ салыңдар! Бейқам бойжеткендер+, айтқандарыма ден қойыңдар! 10  Бір жылдан аса бере бейқам жүрген сендердің мазаларың қашады,Өйткені жүзім жинау науқаны бітсе де, жиналған жеміс болмайды+. 11  Ей, өздеріне тым сенімді әйелдер, дірдек қағыңдар! Ей, бейқам жүргендер, мазаларың қашсын! Үстеріңдегі киімді шешіп тастаңдар,Орнына азалы киім алып, белдеріңе орап алыңдар+. 12  Шұрайлы егістіктер мен жемісті жүзім бұтасын жоқтап, кеуделеріңді ұрыңдар. 13  Өйткені халқымның жерін тікен мен тікенді бұталар қаптайды. Шаттыққа кенелген күллі үйлерді де,Қуанышқа толы болған қаланы да тікен мен тікенді бұталар басады+. 14  Бекініс мұнарасы бос қалды,Абыр-сабыр боп жататын қала елсіз жатыр+. Опел+ мен күзет мұнарасы мәңгіге құла түзге,Жабайы есектер ойнақтап, мал жайылатын жерге айналды+. 15  Көктен бізге рух төгілмейінше+,Шөл дала бауға айналып,Ал бау орман деп есептелмейінше солай болады+. 16  Сонда шөл далаға әділдік қоныстанады,Бау ішіне туралық орнығады+. 17  Шынайы туралықтың нәтижесі тыныштық+,Шынайы туралықтың жемісі мәңгі жайбарақаттық пен қауіпсіздік болады+. 18  Менің халқым тыныштық орнаған жерлерге қоныстанып,Қауіпсіз мекендерде және жайбарақаттық орнаған тынығатын жерлерде тұрады+. 19  Бірақ орманды бұршақ жайпап кетеді де,Қала жермен-жексен болады. 20  Су атаулының бойына тұқым сепкен,Бұқа мен есекті бос қоя берген сендер бақыттысыңдар+”.

Сілтемелер