Ишая 47:1—15

  • Бабылдың құлауы (1—15)

    • Жұлдызжорамалшыларды әшкерелеу (13—15)

47  Бабылдың пәк қызы,Төмен түсіп, топыраққа отыр+! Халдей қызы,Тағыңнан түсіп, тақыр жерге отыр+! Бұдан былай ешкім сені нәзік, ерке демейді.   Қолыңа диірмен алып, ұн тарт. Басыңдағы орамалды шешіп таста. Белдемшеңді де сыпырып алып,Балтырыңды көрсетіп өзендерді кешіп өт.   Сенің тәнің жалаңаштанып, әбүйірің ашылады. Мен кек аламын+, әрі жолымда ешкім тұрмайды*.   “Біздің Құнымызды өтеп алушы — Исраилдің Киелі Құдайы. Оның есімі — Әскербасы Ехоба+”.   Ей, халдей қызы, үніңді шығармай қараңғы жерде отыр+! Бұдан былай сен патшалықтарды билеп-төстейтін патшайым деп аталмайсың+.   Мен халқыма қаһарланып+,Өзімнің меншікті иелігімді арамдап+,Сенің қолыңа табыстаған едім+. Бірақ сен оларға мейірімділік танытпадың+. Тіпті қарттарына да ауыр жүк артып қойдың+.   “Мен мәңгі бақи патшайым болып қала беремін”,— дедің+. Істеріңнің байыбына бармадың,Ақыры немен бітерін ойламадың.   Ей, ләззатқұмар+, енді сөзімді тыңда! Сен қауіпсіздікте отырып: “Менен ұлы ешкім жоқ+. Мен ешқашан жесір қалмаймын,Балаларымнан да айырылмаймын”,— дейсің+.   Бірақ осы екі жайт та кенеттен, бір күнде, басыңа түседі+: Сен балаларыңнан айырыласың әрі жесір қаласың. Көптеген сиқырлықтар мен күшті дуалар жасағаның үшін*+,Бұлардың зардабын толығымен тартасың+. 10  Сен зұлымдығыңа сеніп: “Мені ешкім көрмейді”,— дедің. Сені теріс жолға түсірген — даналығың мен білімің. Іштей: “Менен ұлы ешкім жоқ”,— дейсің. 11  Бірақ басыңа пәле түседі. Бұған ешбір сиқырлығың тосқауыл болмайды. Сен бақытсыздыққа ұшырайсың, одан құтылып кете алмайсың. Аяқастынан бұрын-соңды көріп-білмеген апатқа ұшырайсың+. 12  Ендеше, жастайыңнан сонша күш салғанДуаларың мен түрлі сиқырлықтарыңды әрі қарай жасай бер+. Бәлкім, бір пайдасы тиер. Жұрттың бойында үрей туғызар. 13  Сен кеңесшілеріңнің көптігінен әбден қажыдың. Енді көкке табынатын*, жұлдыздарға үңіле қарайтын+,Жаңа ай туғанда, басыңа не түсетінін айтып беретін сол кеңесшілеріңОрындарынан тұрып, сені құтқарып алсын. 14  Бірақ олар сабанға ұқсайды,Оларды от жалмайды. Өздерін от жалынынан құтқара алмайды. Бұл — жылу беретін шоқ емес,Алдында отыратын от та емес. 15  Жастайыңнан бірге тер төккенСиқыршыларың да сен үшін осындай болады. Олар лағып, әрқайсысы өз жайына кетеді. Сені құтқаратын ешкім қалмайды+.

Сілтемелер

Мүмкін: “Мен ешкімді жылы қарсы алмаймын”.
Мүмкін: “жасағаныңа қарамастан”.
Мүмкін: “әуе кеңістігін бөлетіндер; жұлдызжорамалшылар”.