Ишая 48:1—22
48 Ей, Жақып үйі, тыңда!
Сендер өздеріңді Исраилдің атымен атайсыңдар+,Яһуда ұрпағынан тараған сендерЕхобаның атымен ант етесіңдер+,Исраилдің Құдайына сиынасыңдар,Бірақ мұны шындық әрі әділдікпен істемейсіңдер+!
2 Олар өздерін киелі қаланың тұрғынымыз деп+,Әскербасы Ехоба деп аталған Исраилдің Киелі Құдайынан қолдау іздейді+.
3 “Алғашқы жайттарды мен саған ұзақ уақыт бұрын айттым,Оларды өз аузыммен хабарлап, саған мәлім еттім+.
Мен кенеттен әрекет етіп, айтқанымды жүзеге асырдым+.
4 Өйткені сенің қаншалықты қыңыр екеніңді,Мойныңның темір, маңдайыңның мыс екенін білетінмін+.
5 Сондықтан мен бұларды ұзақ уақыт бұрын айттым.
“Мұны өзіміз жасаған пұт істеді.
Ойып жасалған, темірден құйылған мүсіндеріміздің бұйыруымен болды” демеуің үшін,Орындалмай тұрып, бұларды саған естірттім.
6 Сен мұның бәрін естіген де, көрген де едің.
Бұны қалайша жарияламайсың+?
Бұдан былай мен саған жаңа жайттарды хабарлап+,Өзің білмеген жасырын құпияларды мәлім етемін.
7 Олар бұрыннан емес, енді ғана жаратылып жатыр,Бүгінге дейін сен бұлар жайлы естіген емессің.
Сондықтан “мен бұл жайттарды білгенмін” дей алмайсың.
8 Жоқ, бұларды естіген де, білген де жоқсың+,Бұрындары құлағың жабық болған.
Мен сенің барып тұрған опасыз екеніңді+,Туылғаныңнан заң бұзушы атанғаныңды білемін+.
9 Бірақ мен өз есімім үшін қаһарымды тежеймін+.
Өз даңқым үшін сабыр сақтап, сені жойып жібермеймін+.
10 Міне, мен сені тазарттым, бірақ күміс іспетті емес+.
Азап пешінде болғаныңда сені тексердім*+.
11 Мен өзім үшін, өз есімім үшін әрекет етемін+.
Қалайша есімімді арамдатып қоймақпын+?!
Мен өз ұлылығымды басқаға бере салмаймын!
12 Уа, Жақып, тыңда! Өзім таңдаған, Исраил, сен де құлақ сал!
Мен ешқашан өзгермеймін+. Мен алғашқымын, соңғы да менмін+.
13 Мен өз қолыммен жердің негізін қаладым+,Оң қолыммен аспанды матадай жайып жібердім+,Шақырсам, олар алдыма келіп тұрады.
14 Кәне, бәрің жиналып, тыңдаңдар.
Бұл жайттарды олардың қайсысы айтып еді?
Мен, Ехоба, жақсы көрген кісі+ Бабылға қатысты қалауымды орындайды+,Халдейлерге қарсы қолын көтереді+.
15 Мұны өзім айттым; оны өзім шақырып алдым+.
Мен оны алып келдім, әрі оның жолы сәтті болады+.
16 Қасыма жақындап, мені тыңдаңдар.
Әуел бастан мен құпиялап сөйлемедім+.
Бұл жүзеге асқанда, мен сонда болдым”.
Ал енді Әлемнің Әміршісі Ехоба мені және рухын жіберді.
17 Құныңды өтеуші, Исраилдің Киелі Құдайы Ехоба+ мынаны айтады:
“Мен Құдайларың Ехобамын.
Мен сендерге пайдалыны үйретемін+,Жүрулерің тиіс жолмен жетелеймін+.
18 Өсиеттеріме ден қойсаңдар ғой, шіркін+!
Сендердегі тыныштық өзендей+, әділдіктерің теңіз толқындарындай болар еді+.
19 Ұрпақтарың құм сияқты көп,Үрім-бұтағың құм қиыршықтарындай сансыз болар еді+.
Олардың есімдері менің алдымнан ешқашан өшпес те, жойылмас та еді”.
20 Бабылдан шығыңдар+!
Халдей елінен қашыңдар!
Осы хабарды қуана дауыстап жариялаңдар+!
Жердің қиыр шетіне дейін мәлім етіңдер+!
“Ехоба өз қызметшісі Жақыптың құнын өтеп алды+.
21 Құла түз арқылы алып жүргенде, олар шөлдемеді+.
Оларға жартастан су шығарып берді,Жартасты жарып, содан су ағызды+”,— деңдер.
22 “Зұлымдарда амандық пен тыныштық болмайды”,— дейді Ехоба+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “таңдап алдым”.