Ишая 51:1—23
51 Әділдікке ұмтылатындар, құлақ түріңдер!
Ехобаны іздейтіндер, тыңдаңдар!
Өздерің қашалып алынған жартасқа,Қазылып алынған шұңқырға қараңдаршы.
2 Әкелерің Ыбырайымға,Сендерді дүниеге әкелген Сараға+ қараңдаршы.
Ыбырайымды шақырғанымда, ол жалғыз еді+,Мен оған батамды төгіп, үбірлі-шүбірлі еттім+.
3 Ехоба Сионды жұбатады+,Барлық үйінділеріне жұбаныш болады+.
Ол оның шөл даласын Едем бағындай+,Құла түзін Ехобаның бағындай жайқалтады+.
Сион шаттыққа толады,Онда ризашылық пен ән-күй мол болады+.
4 Ей, халқым, айтқаныма ден қой,Дүйім жұртым, сөзіме құлақ түр+!
Себебі мен заң шығарамын+,Әділдігімді халықтар үшін нұр қыламын+.
5 Менің әділдік орнататын кезім таяды+,Құтқаратын кезім жақындап келеді+.
Мен құдіретті қолыммен халықтарды соттаймын+.
Маған аралдар үміт артады+,Құдіретті күшімді көрсеткенімді күтетін болады.
6 Көкке көз жіберіп қараңдаршы,Төмен қарап, жерге назар салыңдаршы.
Көк сейілген түтін сияқты ғайып болады,Жер киімдей тозады,Тұрғындары шіркей іспетті қырылып қалады.
Ал менің құтқаруым мәңгі жалғасады+,Әділдігім ешқашан мызғымайды+.
7 Әділдіктің не екенін білетіндер,Заңымды жүрегінде сақтайтын халық+, мені тыңда.
Пенденің мазағынан қорықпа,Қорлық сөздерінен шошынба.
8 Олар күйе жеген киімдей,Күйе көбелек* жалмаған жүндей құрып жоғалады+.
Ал менің әділдігім мәңгі тұрады,Құтқаруым ұрпақтан ұрпаққа жалғасады+”.
9 Уа, Ехобаның қолы, оян+!
Иә, оянып, құдіретке бөлен!
Ежелдегідей, өткен ұрпақтардың заманындағыдай оян!
Рахабты* тас-талқан еткен+,Теңіз құбыжығын жаншып тастаған сен емес пе едің+?!
10 Теңізді, тұңғиықтағы суларды, кептірген сен емес пе едің+?!
Құны өтелгендер өтсін деп, теңіз түбінен жол ашқан сен едің ғой+.
11 Ехоба құнын өтеп алғандар қайта оралады+,Қуана дауыстап Сионға келеді+.
Олар сарқылмас қуанышты тәж етіп киеді+,Қуаныш пен шаттыққа кенеледі.
Ал қайғы мен күрсіну құрып кетеді+.
12 “Сендерді мен өзім жұбатамын+.
Ажалды пендеден, шөп сияқты қурап кететін адамнан несіне қорқасың+?
13 Жаратушың Ехобаны+,Көкті матадай жайған+, жердің негізін қалаған Құдайды неге ұмыттың?
Қанаушың сені құртып жібере алатындай,Күнұзаққа қаһарынан қорқумен болдың.
Ал енді оның қаһары қайда қалды?
14 Шынжырланған адам жуырда босатылады+,Ол өлмейді, көрге де түспейді.
Наннан тапшылық та көрмейді.
15 Мен сенің Құдайың Ехобамын,Теңізді буырқантып, толқындарын көтеремін+.
Менің атым — Әскербасы Ехоба+.
16 Аузыңа сөздерімді саламын,Алақаныммен сені қалқалаймын+.
Көкті орналастырып, жердің негізін қалау үшін+,Сионға: —Сен менің халқымсың,— деу үшін осылай істеймін+.
17 Оян, ей, Иерусалим, оян! Орныңнан тұр+!
Сен Ехобаның қолындағы қаһарына толы тостағаннан іштің.
Ыдыстағыны түбіне дейін іштің,Сарқып ішіп, теңселіп жүрдің+.
18 Өзі туған ұлдарының ешқайсысы оны жетелемеді,Бағып-қаққан ұлдарының ешқайсысы қол ұшын бермеді.
19 Сен екі пәлеге ұшырадың.
Саған кімнің жаны ашиды?
Тас-талқан болып, қаңырап бос қалдың.
Аштық пен семсерден қырылдың+.
Сені кім жұбатады+?
20 Ұлдарың естерінен танып+,Торға түскен жабайы аңдардай,Әр көшенің бұрышында жатыр.
Олар Ехобаның қаһарына ұшырады, сенің Құдайыңнан жазасын толықтай алды”.
21 Сондықтан мынаған құлақ салшы,Шарап ішпесе де, мас болған бейшара әйел, тыңдашы.
22 Өз халқын қорғайтын Құдайың, Ехоба Иең, былай дейді:
“Мен сені теңселтіп қойған қолыңдағы тостағанды+,Қаһарыма толы тостағанды қайтып аламын.
Сен одан енді қайтып ішпейсің+.
23 Мен оны азаптаушыларыңның қолына ұстатамын+,Саған: —Етпетіңнен жат, үстіңнен басып өтейік!— дегендерге беремін.
Сенің арқаң оларға басып өтетін жер,Жүретін көше іспетті болған еді”.