Ишая 52:1—15
52 Оян! Уа, Сион, оян+! Күш-қуатқа бөлен+!
Киелі қала Иерусалим, сәнді киіміңді ки+!
Өйткені бұдан былай саған сүндеттелмеген адам да, арамданған адам да кірмейді+.
2 Уа, Иерусалим, тұр да, шаңыңды қағып, төрге шығып отыр.
Сионның тұтқындалған қызы, мойныңдағы бұғауды шеш+.
3 Ехоба мынаны айтады:
“Сендер ақыға сатылмай, тұтқынға айдалдыңдар+,Сондықтан құндарың да ақысыз өтеледі+”.
4 Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады:
“Менің халқым алдымен Мысырға барып, кірме ретінде тұрды+.
Сосын оларды ассириялықтар еш себепсіз қанады.
5 —Енді не істеуім керек?— дейді Ехоба.
—Менің халқым еш ақысыз әкетілді.
Оларды билеп отырғандар ақыруын қояр емес+,— дейді Ехоба.
—Менің есімім үнемі, күнұзаққа қорлануда+.
6 Міне, сондықтан халқым менің есімімді танып-біледі+,Иә, сондықтан сол күні олар сөйлеп тұрған мен екенімді біледі.
Иә, бұл менмін!”
7 Тау асып ізгі хабар әкеле жатқан жариялаушы* қандай керемет+!
Ол тыныштық жөнінде жар салып+,Жақсылық жөнінде хабар әкеледі.
Құтқарылу жөнінде жариялап,Сионға: “Сенің Құдайың Патша болды!”— дейді+.
8 Тыңдашы! Күзетшілерің айғайлап жатыр,Бір кісідей қуана дауыстап жатыр.
Олар Сион халқын Ехобаның қайта жинағанын анық көреді.
9 Иерусалимнің үйінділері, шаттаныңдар!
Бірігіп қуана айғайлаңдар+!
Себебі Ехоба өз халқына жұбаныш берді+, Иерусалимнің құнын өтеп алды+.
10 Ехоба күллі ұлттардың алдында киелі құдіретін паш етті+.
Жердің қиыр шеттері Құдайымыздың жеңісін көреді+.
11 Кетіңдер, кетіңдер! Ол жерден шығыңдар+, арам нәрсеге жоламаңдар+!
Ехобаның үйінің бұйымдарын алып жүретіндер+,Оның арасынан шығыңдар+, өздеріңді таза сақтаңдар!
12 Сендер асып-саспайсыңдар,Бассауғалап қашпайсыңдар да.
Өйткені Ехоба алдарыңда жүріп, жетелейді+,Исраилдің Құдайы арт жақтарыңнан қорғап жүреді+.
13 “Міне, менің қызметшім+ түсінікпен әрекет етеді.
Оның мерейі үстем болады.
Мәртебесі жоғарылап, барынша асқақтайды+.
14 Оған көпшілік аң-таң болып қараған еді.
(Себебі оның түр-тұрпаты тірі жан көріп-білмегендей өзгерді,Ұсқыны адам баласы көріп-білмегендей кескінсізденді.)
15 Тап солай ол көптеген ұлттарды қайран қалдырады+.
Оның алдында патшалар ауыздарын жабады+,Өйткені өздері бейхабар болған жайтты көріп,Өздері естімеген жайтқа ден қояды+”.
Сілтемелер
^ Сөзбе-сөз “жариялаушының аяғы”.