Ишая 53:1—12
53 Бізден естігендеріне* кім сенді+?
Ехобаның құдіреті+ кімге паш етілді+?
2 Ол оның* алдында өскін сияқты+,Қуаң жерде шыққан тамыр іспетті өсіп шығады.
Түр-тұрпатында ұлылық та, салтанаттылық та жоқ+,Біз үшін оның келбеті тартымды емес.
3 Азап пен аурудың не екенін білетін сол кісініЖұрт менсінбеді, одан қашқақтады+.
Оның жүзі бізден жасырын болды*.
Жұрт оны менсінбеді, біз де адам құрлы көрмедік+.
4 Ол біздің ауруларымыз бен қасіретімізді өзіне алды+.
Ал біз оны Құдай жазалап, қинап, жапа шектіріп жатыр деп ойладық.
5 Бірақ ол біздің қылмысымыз үшін түйрелді+,Күнәларымыз үшін қасірет шекті+.
Біз тыныштыққа жетсін деп жазаланды+,Оның жаралары арқылы біз сауықтық+.
6 Барлығымыз қой іспетті адасып жүрдік+,Әркім өз жолына бет бұрды.
Ехоба бәріміздің күнәларымызды соған артты+.
7 Ол қысым көрді+, жапа шегуден де бас тартпады+.
Сөйтсе де ләм деп аузын ашпады.
Тоқты іспетті, сойылатын жерге апарылды+,Қырқымшының алдындағы қой іспетті тіс жармады,Ләм деп аузын ашпады+.
8 Ол қысым көрді, әділетсіз сотталып, әкетілді.
Оның ататегін кім сұрастырады?
Өйткені ол тірілердің жерінен аластатылды+.
Менің халқымның күнәсі үшін өлімге қиылды+.
9 Еш жамандық* жасамаса да,Аузынан жалған сөз шықпаса да+,Ол зұлымдармен бірге өлді+,Оған байлар арасынан қабір берілді+.
10 Бірақ ол Ехобаның еркі бойынша қасірет шегіп, ауруға шалдықты.
Оның жанын айып құрбандығы ретінде ұсынсаң+,Ол өзінің ұрпағын көреді, оның өмірін ұзартады+;Сол арқылы Ехобаның еркі жүзеге асады+.
11 Ол жан азабының жемісін көріп, қанағаттанады.
Білімінің арқасында осы әділ жан, менің қызметшім+,Көп адамның әділ деп саналуына септігін тигізеді+,Солардың күнәларын өз мойнына алады+.
12 Сол себепті мен оған көпшілік арасынан үлес беремін,Ол мықтылармен бірге олжа бөліседі.
Өйткені ол өз жанын өлімге қиды+,Қылмыскерлердің қатарында саналды+.
Көпшіліктің күнәсін өз мойнына алды+,Заң бұзушылар үшін араша түсті+.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “Біз естігендерге”.
^ “Оның” есімдігі бақылап тұрған кісіге не Құдайға нұсқауы мүмкін.
^ Мүмкін: “Біз одан жүзімізді бұрып әкеттік”.
^ Немесе “зұлымдық”.