Ишая 57:1—21
57 Әділ жан құрып жоғалады,Бірақ бұған ешкім көңіл аудармайды.
Иә, адал жандар өмірден өтіп жатыр+;Бірақ әділ адам қайтыс болғанда,Жамандықтан құтылатынын ешкім ұқпайды.
2 Ол тыным табады.
Тура жолмен жүретіндердің бәрі төсектеріне* жатады.
3 “Ей, сиқыршы әйелдің ұлдары,Азғын, жезөкше әйелдің балалары, бері келіңдер!
4 Сендер кімді мазақтап тұрсыңдар?
Кімге ауыздарыңды арандай ашып, тілдеріңді шығарып тұрсыңдар?
Сендер күнәдан, алдамшылықтан туған балалар емессіңдер ме+?
5 Еңселі ағаштардың арасында, әрбір жайқалған талдың астында+
Құмарлыққа салынатындардың балалары емессіңдер ме+?
Жазық жерлерде, жартас қуыстарындаӨз балаларын өлтіретіндердің балалары емессіңдер ме+?
6 Сенің* сыбағаң — жазықтағы жұмыр тастар+.
Иә, үлесің — солар.
Сен сұйық тартуларыңды соларға құйып, сыйларыңды ұсынасың+.
Мен осыны қанағат тұтуым керек пе?!
7 Сен төсегіңді биік, асқар тау басына салып+,Құрбандық шалу үшін сонда шықтың+.
8 Есіктің арты мен оның жақтауына естелік қойдың.
Сен мені тастап кетіп, тәніңді жалаңаштадың.
Жоғары көтеріліп, төсегіңді кең етіп салдың.
Сен солармен келісім жасастың;Солармен бір төсекте жатқанды ұнаттың+,Еркектің жыныс мүшесіне* қадала қарадың.
9 Май алып Мелекке* қарай түстің,Оған мол етіп иісмай апардың.
Өкілдеріңді шалғай жерлерге жіберіп,Қадіріңді көрге* дейін түсірдің.
10 Түрлі жолдарда жүріп, тер төгіп, шаршадың,Бірақ “Еш үміт жоқ!” демедің.
Қайтадан күш жинап, алған бетіңнен қайтпадың.
11 Өтірік айта бастайтындай+,Кімнен қорқып, кімнен үрейлендің?
Сен мені есіңе алмадың+,Ештеңеге көңіл бөлмедің+.
Мен үндемей, ішімнен тындым емес пе+?
Сондықтан сен менен қорықпадың.
12 Мен сенің “әділдігің”+ мен істеріңді+ аян етемін.
Олардан саған пайда болмайды+.
13 Көмек сұрап жалбарынғаныңда,Жинаған пұттарың сені құтқармайды+.
Олардың бәрін жел айдап әкетеді,Әлсіз соққан жел лебінің өзі ұшырып кетеді.
Ал мені паналайтын адам жерді мұра етеді,Киелі тауымды иелікке алады+.
14 Сонда: —Жол салыңдар, жол салыңдар! Жол даярлаңдар+!
Халқымның жолындағы кедергі атаулыны алып тастаңдар!— дейді”.
15 Асқақ әрі бәрінен жоғары Құдай,Мәңгі жасайтын, есімі киелі Құдай+ мынаны айтады:
“Мен жоғары әрі киелі жерде мекендеймін+.
Бірақ бейшараның рухын, күйрегендердің жүрегін жандандыру үшін,Солардың арасында да мекендеймін+.
16 Мен оларды мәңгі айыптап,Оларға мәңгі қаһарлана бермеймін+.
Әйтпесе адамның рухы әлсіреп+,Өмір лебі бар жаратылыстарымның күші сарқылар еді.
17 Мен оның арам пайда көздеп, күнәға батқанына қаһарландым+,Сондықтан оны жазаладым, қаһарлана жүзімді жасырдым.
Бірақ ол жүрек қалауымен жүріп, опасыздық жасауын қоймады+.
18 Мен оның жүрген жолдарын көрдім,Бірақ оны сауықтырамын+, жетелеп жүремін+.
Өзін де, ондағы қайғыға батқан жандарды да жұбатамын+.
19 Ауыздарына мадақ сөздерін саламын.
Алыстағылар мен жақындағылар үшін сарқылмайтын тыныштық орнайды+,— дейді Ехоба.
—Мен оны сауықтырамын.
20 Ал зұлымдар буырқанған теңізге ұқсайды,Ол еш тынши алмай, балдыр мен лайды су бетіне көтере береді.
21 Зұлымдарда амандық пен тыныштық болмайды”,— дейді менің Құдайым+.
Сілтемелер
^ Яғни көрде.
^ Мұнда Сион немесе Иерусалим жөнінде айтылып тұр.
^ Пұтқа табынушылық жөнінде айтылып тұрса керек.
^ Мүмкін: “патшаға”.
^ Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.