Ишая 65:1—25

  • Ехобаның пұтқа табынушыларды соттауы (1—16)

    • Сәттілік пен Тағдырдың құдайлары (11)

    • “Менің қызметшілерім тоқ болады” (13)

  • Жаңа аспан мен жаңа жер (17—25)

    • Үй салу; жүзімдік отырғызу (21)

    • Ешкім бекерге еңбектенбейді (23)

65  “Мен өзім жайлы сұрамағандардың мені іздеуіне,Іздемегендердің мені табуына жол бердім+. Есімімді атап шақырмаған ұлтқа: —Мен мұндамын, мен мұндамын!— дедім+.   Өз ойларының жетегінде жүріп+,Жаман жолға түскен+ қыңыр халықты+ құшақ жайып күні бойы шақырумен болдым.   Бұл халық шімірікпестен мені қорлай береді+,Бақтарда құрбандық шалып+, кірпіштер үстінде құрбандық түтінін түтетеді.   Олар қабір бастарында отырып+,Жасырын жерлерде* түнейді. Сол жерде шошқа етін жеп+,Ыдыстарындағы жеркенішті сорпасын ішеді+.   Олар: —Әрірек тұр, маған жақындама. Мен саған қарағанда киелірекпін*,— дейді. Мұндай адамдар мен үшін мұрныма келген ащы түтін,Күнұзаққа бықсып жанатын от сияқты.   Міне, бұл менің алдымда жазулы тұр. Мен үнсіз қала бермеймін, еселерін қайтарамын+,Еселерін толығымен қайтарамын.   Мұны өздерінің және ата-бабаларының күнәсі үшін істеймін+,— дейді Ехоба. —Тау бастарында құрбандық түтінін түтетіп,Төбе бастарында мені қорлағандары үшін+,Алдымен мен оларға жазаларын толық тартқызамын”.   Ехоба мынаны айтады: “Жаңа шарап алынатын жүзім шоғы жайлыЖұрт: —Мұны құртпа, әлі игілігі тиер,— дейді. Сол сияқты мен де қызметшілерімнің игілігі үшінОлардың бәрін бірдей құртпаймын+.   Мен Жақыптан ұрпақ шығарамын,Яһудадан тауларымды мұра ететін біреуді шығарамын+. Бұл жерді таңдаулыларым иемденеді,Қызметшілерім сонда мекен етеді+. 10  Сарон+ жазығы қойларға жайылым,Ахор жазығы+ ірі қара малға тынығатын орын болады. Мұның бәрі мені іздеген халқым үшін жасалады. 11  Бірақ сендер мені, Ехобаны, тастап кеттіңдер+,Киелі тауымды ұмыттыңдар+,Сәттілік құдайы үшін дастарқан жайып,Тағдыр құдайы үшін шарапты толтыра құйдыңдар. 12  Сондықтан тағдырларыңды өзім шешіп, сендерге семсер жіберемін+,Бәрің де тізе бүгіп, семсерден сұлайсыңдар+. Өйткені мен шақырғанда, сендер жауап қатпадыңдар,Сөйлегенімде, тыңдамадыңдар+. Маған жақпайтынды жасай бердіңдер,Маған ұнамсыз нәрселерді таңдадыңдар+”. 13  Сондықтан Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: “Менің қызметшілерім тоқ болады, ал сендер аш жүресіңдер+! Менің қызметшілерім шөлдерін қандырады+, ал сендер шөлдеп жүресіңдер! Менің қызметшілерім қуанышқа кенеледі+, ал сендер ұятқа қаласыңдар+! 14  Менің қызметшілерім жүректерін қуаныш кернеп, ән салады,Ал сендер жүректерің ауырып, жандарың күйзеліп айғайлайсыңдар! 15  Сендер арттарыңнан менің таңдаулыларым қарғыс ретінде қолданатын есім қалдырасыңдар. Мен, Әлемнің Әміршісі Ехоба, бірде-біріңді қалдырмай құртамын,Ал өз қызметшілерімді* басқа есіммен атайтын боламын+. 16  Жер бетінде өзіне бата сұраған әркімді шынайы Құдай жарылқайды. Жер бетінде ант берген әркім шынайы Құдайдың атымен ант беретін болады+. Өйткені бұрынғы қиыншылықтар ұмытылады,Олар менің көз алдымнан жоғалады+. 17  Міне, мен жаңа аспан мен жаңа жер жаратып жатырмын+,Бұрынғы жайттар еске алынбайды,Жүрекке қаяу да түсірмейді+. 18  Сондықтан жаратып жатқандарыма қарап, мәңгі бақи шаттанып қуаныңдар. Міне, мен Иерусалимді қуаныштың қайнарына,Оның халқын шаттықтың көзіне айналдырып жатырмын+. 19  Мен Иерусалим үшін қуанып, халқым үшін шаттанатын боламын+. Енді қайтып бұл қалада қайғырып жылаған не қинала айғайлаған дауыс естілмейді+. 20  Бұдан былай дүниеге келген бала бірнеше күн ғана өмір сүрмейді,Қарт адам да ғұмырын толық сүрмей дүниеден өтпейді. Жүз жасап көз жұмған адам жас бала деп саналады,Ал күнәкарды, тіпті жүзге келсе де, қарғыс атады*. 21  Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады+,Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады+. 22  Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды,Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды. Өйткені халқымның ғұмыры мықты ағаштың ғұмырындай ұзақ болады+,Таңдаулыларым еңбектерінің рақатын көреді. 23  Олардың бейнеттері желге кетпейді+,Қасірет шектіретін балалар да тумайды. Өйткені өздері де, үрім-бұтағы да+ Ехоба жарылқаған ұрпақ болады+. 24  Олар шақырмай жатып мен жауап беремін,Әлі айтып жатқандарында сөздеріне құлақ саламын. 25  Қасқыр мен қозы бірге жайылады,Арыстан бұқа сияқты сабан жейді+,Жыланның азығы топырақ болады. Олар бүкіл киелі тауымда еш залал да, зияндық та келтірмейді+”,— дейді Ехоба.

Сілтемелер

Мүмкін: “Күзет лашықтарында”.
Мүмкін: “Әйтпесе саған киелілігім дарып кетер”.
Сөзбе-сөз “оның қызметшілерін”.
Мүмкін: “Жасы жүзге жетпей өлген адам қарғыс атқан деп есептеледі”.