Лұқа 8:1—56

  • Исаға ерген әйелдер (1—3)

  • Диқан туралы мысал (4—8)

  • Исаның мысалдарды қолдану себебі (9, 10)

  • Диқан туралы мысалдың мағынасы (11—15)

  • Шам ыдыспен бүркелмейді (16—18)

  • Исаның анасы мен бауырлары (19—21)

  • Исаның дауылды басуы (22—25)

  • Исаның жындарды шошқаларға жіберуі (26—39)

  • Жайырдың қызы; бір әйелдің Исаның жамылғысына қол тигізуі (40—56)

8  Содан кейін көп ұзамай Иса қалалар мен ауылдарды аралап, Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жариялап жүрді+. Ал оған 12 елшісі  және жындарынан арылған әрі ауруларынан айыққан біраз әйелдер еріп жүрді. Олардың арасында жеті жыннан арылған Мағдалалық деп аталатын Мәриям,  Иродтың үй басқарушысы Хузаның әйелі Жоханна+, Сузанна және тағы басқа көптеген әйелдер болды. Бұлар қолда барларымен Иса мен оның елшілеріне қызмет көрсетіп жүрді+.  Қаладан қалаға соңынан еріп жүргендерге қалың жұрт келіп қосылғанда, Иса оларға мынадай мысал келтірді+:  “Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде, тұқымның кейбірі жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, оларды шоқып жеп кетеді+.  Өзге біреулері тастақ жерге* түседі де, көктеп өсіп шығады, бірақ ылғал болмағандықтан қурап қалады+.  Тағы біреулері тікен арасына түседі. Тікен өсіп, оларды тұншықтырып тастайды+.  Ал басқа тұқымдар жақсы топыраққа түседі де, көктеп шыққан соң, жүз еседен өнім береді+”. Осыны айтқаннан кейін, ол қатты дауыстап: “Құлағы барлар тыңдап алсын!”+— деді.  Сонда шәкірттері бұл мысалдың мағынасын сұрады+. 10  Иса оларға былай деді: “Құдай Патшалығының қасиетті құпияларын түсіну сендерге берілген, ал басқалар үшін бұлар мысал күйінде қалады+. Бұл олар қараса да, көрмеу үшін, естіп тұрса да, мәнін ұқпау үшін осылай болды+. 11  Мысалдың мағынасы мынадай: тұқым Құдай сөзін білдіреді+. 12  Ал жол бойына түскендері келесідей адамдарды бейнелейді: олар сөзді естиді, бірақ Ібіліс келіп, сенбесін әрі құтқарылмасын деп, жүректеріндегі сөзді алып кетеді+. 13  Тастақ жерге түскендері болса сөзді естіп, қуана қабылдайтын, алайда тамыр жаймайтын адамдарды білдіреді. Олар уақытша сенеді, ал сынақ кезінде сенімнен тайып кетеді+. 14  Тікен арасына түскендері болса мыналарды бейнелейді: олар сөзді естиді, бірақ осы өмірдің уайым-қайғысына, байлығы мен ләззат-ермегіне беріліп+, толығымен тұншығып қалады да, жемісі пісіп жетілмейді+. 15  Ал жақсы топыраққа түскендері мыналарды бейнелейді: таза да ізгі жүректі адамдар+ сөзді естігеннен кейін, оны көңілдерінде сақтап, төзімділікпен өнім береді+. 16  Шам жаққан соң, ешкім оны ыдыспен бүркемейді не төсек астына қоймайды. Қайта, үйге кіргендер жарықты көре алу үшін шамдалға қояды+. 17  Жасырын нәрсенің бәрі мәлім болады, ал жақсылап жасырылған нәрсе ашылады әрі аян болады+. 18  Сондықтан қалай тыңдайтындарыңа назар аударыңдар! Өйткені кімде бар болса, соған тағы беріледі+, ал кімде жоқ болса, өзінде бар дегені де алынып қойылады+”. 19  Сосын Исаға анасы мен бауырлары+ келді, бірақ халықтың көптігінен оның қасына бара алмады+. 20  Сондықтан біреу оған: “Сыртта анаңыз бен бауырларыңыз келіп, сізге жолыққысы келіп тұр”,— деді. 21  Бұған ол: “Құдай сөзін естіп, орындайтындар менің анам және бауырларым”+,— деп жауап қатты. 22  Бір күні ол шәкірттерімен бірге қайыққа мініп, оларға: “Көлдің арғы бетіне өтейік”,— деді. Сөйтіп, олар жүзіп кетті+. 23  Қайықта Иса ұйықтап қалды. Сол кезде қатты дауыл көтеріліп, қайық суға тола бастап, оларға қауіп төнді+. 24  Шәкірттері Исаға барып, оны оятып: “Ұстаз! Ұстаз! Құритын болдық!”— деді. Ол тұрып, жел мен долданған суға тыйым салды. Сонда олар басылып, тыныштық орнады+. 25  Иса шәкірттеріне: “Сенімдерің қайда?”— деді. Үрейлері ұшып, аң-таң болған олар бір-біріне: “Желге де, суға да бұйрық беріп, бағындыратын бұл кім өзі?”— десті+. 26  Олар Ғалилеяның қарсы бетіндегі герасалықтардың жеріне жүзіп келді+. 27  Иса жағаға шыққанда, оған сол маңдағы қалада тұратын бойын жын билеген бір кісі кездесе кетті. Ол біраз уақыттан бері киім кимей, үйде емес, қабірлер арасында тұрып жүрген болатын+. 28  Исаны көргенде ол айғайлап жіберіп, аяғына жығылды да, қатты дауыстап: “Құдай Тағаланың Ұлы Иса, мұнда неге келдің? Жалынамын, мені жазалай көрме!”— деді+. 29  (Себебі Иса жынға одан шығуды бұйырған болатын. Жын ол кісіні талай рет* қысқан еді+. Жұрт оны қайта-қайта шынжырмен, кісенмен бұғаулап тастап, күзетсе де, ол бұғауларын үзіп, жынның айдауымен елсіз жерлерге кетіп қалатын.) 30  Иса одан: “Атың кім?”— деп сұрағанда, ол: “Қалың қол*”,— деді. Өйткені оның бойына көп жын кіріп алған еді. 31  Олар Исадан қадала өтініп, тұңғиыққа+ түсірмеуін сұрады. 32  Сол жерде тау беткейінде көп шошқа+ жайылып жүрген еді. Жындар сол шошқаларға кіруге рұқсат етуін өтінді. Иса рұқсат еткенде+, 33  жындар әлгі адамның бойынан шығып, шошқаларға кірді. Сонда шошқалардың бәрі жардан көлге қарғып, суға батып, қырылып қалды. 34  Ал мұны көрген бақташылар қашып кетіп, болған жайтты қала мен ауылдарға таратты. 35  Содан жұрт не болғанын көруге шықты. Олар Исаға келгенде, әлгі кісінің үстіне киім киіп, ақыл-есі кіріп, оның жанында отырғанын көріп, зәрелері қалмады. 36  Осының бәрін өз көзімен көргендер оларға әлгі кісінің жындарынан қалай арылғанын айтып берді. 37  Сонда герасалықтардың жерінен келген жұрттың бәрі Исадан сол маңнан кетуін өтінді, өйткені оларды қатты үрей билеген еді. Иса қайыққа отырып кетпек болғанда, 38  жындарынан арылған кісі онымен бірге жүруге рұқсат етуін жалынып сұрады. Бірақ Иса рұқсат бермей+: 39  “Үйіңе қайт. Құдайдың өзіңе не істегенін бәріне айтып жеткіз”,— деді. Ол барып, Исаның өзіне не істегенін бүкіл қалаға жариялады. 40  Иса Ғалилеяға қайта оралғанда, қалың жұрт оны жылы қарсы алды, себебі бәрі оны күтіп жүрген еді+. 41  Сол кезде Жайыр есімді бір мәжілісхана жетекшісі келіп, Исаның аяғына жығылды да, үйіне келуін өтіне бастады+. 42  Өйткені оның 12 жас шамасындағы жалғыз қызы хал үстінде жатқан еді. Иса оның үйіне бара жатқанда, халық оны жан-жақтан қыспақтады. 43  Халық арасында 12 жыл бойы қан кетіп ауырып+, ешкімнен ем таба алмаған бір әйел бар еді+. 44  Ол Исаның арт жағынан келіп, жамылғысының шашағына+ қолын тигізді. Сол сәтте қаны тоқтады. 45  Иса: “Кім маған қолын тигізді?”— деп сұрады. Мұны ешкім мойындамаған соң, Петір: “Ұстаз, қалың жұрт сізді қаумалап, қыспақтап тұр ғой!”— деді+. 46  Бұған Иса: “Біреу маған қолын тигізді, өйткені бойымнан күш+ шыққанын сездім”,— деп жауап берді. 47  Жасырын қала алмайтынын түсінген әйел дірілдеп келіп, оның аяғына жығылды да, неге оған қол тигізгенін және қалай бірден сауығып кеткенін жұрт алдында айтып берді. 48  Бірақ Иса оған: “Қызым, сеніміңнің арқасында айықтың, уайымдамай қайта бер”,— деді+. 49  Ол әлі сөйлеп тұрғанда, мәжілісхана жетекшісінің үйінен бір кісі келіп: “Қызыңыздан айырылып қалдық. Енді Ұстазды әурелемей-ақ қойыңыз”,— деді+. 50  Мұны естіген Иса Жайырға: “Қорықпаңыз, тек сеніміңіз болсын! Қызыңыз аман қалады”+,— деді. 51  Оның үйіне жеткенде, Иса өзімен Петір, Жохан, Жақып және қыздың ата-анасынан басқа ешкімнің ішке кіруіне рұқсат етпеді. 52  Ал жұрт болса қызды жоқтап зар еңіреп, көкіректерін ұрып қайғырып жатқан еді. Иса оларға: “Жыламаңыздар+! Қыз өлген жоқ, ұйықтап жатыр+”,— деді. 53  Бұны естігенде, олар оны мысқылдап күле бастады, өйткені қыздың өліп қалғанын білетін. 54  Иса қызды қолынан ұстап, дауыстап: “Балам, түрегел!”— деді+. 55  Сонда қыз тіріліп*+, бірден орнынан тұрды+. Иса оған тамақ беруді бұйырды. 56  Ал ата-анасы аң-таң болды, бірақ Иса бұл жайлы ешкімге тіс жармауды ескертті+.

Сілтемелер

Мұнда сол өлкеде кездесетін бетінде жұқа топырағы бар жалпақ жартас жөнінде айтылып тұр.
Мүмкін: “ұзақ уақыт бойы”.
Сөзбе-сөз “Легион”. Легион — ежелгі Римнің әскери жасағы.
Немесе “рухы (өмір күші) қайта оралып”. Түсіндірмедегі “Рух” сөзін қараңыз.