Миха 1:1—16

  • Самария мен Яһудаға шығарылған үкім (1—16)

    • Күнә мен бүліктің зардабы (5)

1  Яһуданың патшалары+ Жотам+, Ахаз+ және Езекияның+ күндерінде Ехоба* морешеттік Михаға*+ Самария мен Иерусалимге қатысты аян беріп, мына сөзін арнады:   “Барлық халықтар, тыңдаңдар! Уа, жер мен ондағының бәрі, көңіл бұрыңдар! Ехоба өзінің киелі ғибадатханасында. Сол жерден Әлемнің Әміршісі Ехоба сендерге қарсы куәлік етсін+.   Міне, Ехоба өз тұрағынан шығып келеді,Ол төмен түсіп, жердегі биік төбелерді таптайды.   Оның аяғының астындағы таулар+ Отқа еріген балауыздай ериді. Тік жардан аққан суданАңғарлар қақ айырылады.   Мұның бәрі Жақып көтерген бүліктің,Исраил үйінің күнәларының кесірінен болмақ+. Жақыптың бүлігіне кім жауапты? Самария+ емес пе? Ал Яһуданың ғибадат төбелері+ үшін кім жауапты? Иерусалим емес пе?   Мен Самарияны даладағы үйіндіге,Жүзімдік егетін жерге айналдырамын. Оның тастарын аңғарға лақтырып,Іргетасын жалаңаштап тастаймын.   Тәңір мүсіндерінің бәрі күл-талқан болады+,Азғындығы үшін алған сыйларының бәрі отқа жағылады+. Мен оның барлық пұттарын жоямын. Оларды Самария азғындығының ақысына жинаған еді,Енді олары қайтадан азғындыққа төлеу үшін әкетіледі”.   Сол үшін мен зар еңіреп, ыңырсимын+,Жалаңаяқ, киімсіз жүремін+. Ұлыған шибөрідей зарлаймын,Шаңқылдаған түйеқұстай қайғырамын.   Өйткені Самарияның жарасы — айықпас жара+,Ол Яһудаға дейін жайылды+. Бұл індет тіпті халқымның қақпасына, Иерусалимге, дейін жетті+. 10  “Ол туралы Ғатта жарияламаңдар. Оларға көз-жастарыңды көрсетпеңдер! Бет-Афрада топыраққа аунаңдар. 11  Уа, Шафирдің тұрғындары, масқара болып,Жалаңаш күйі жер аударылып кетіңдер. Сананның тұрғындары қорқып, сыртқа шықпады. Бет-Езелде зарлаған дауыстар шығады,Ол енді сендерге қорғаныш болмайды. 12  Мароттың тұрғындары жақсылық күтіп еді,Бірақ Ехоба Иерусалимнің қақпасына апат жіберді. 13  Уа, Лахиштің+ тұрғындары, арбаға аттарыңды жегіңдер,Сендерден Сион қызының күнәсі бастау алды,Ал сенен, Сион қызы, Исраилдің бүлігі шықты+. 14  Сондықтан сен қоштасқанда, Морешет-Ғатқа сый-тарту бересің. Ақзиптің+ үйлері Исраил патшаларының үміттерін ақтамады. 15  Уа, Марешахтың+ тұрғындары, мен сендерге жаулап алушыны жіберемін+. Исраилдің даңқтысы Адолламға+ дейін жетеді. 16  Сүйікті балаларыңды жоқтап, шаштарыңды тақырлап алыңдар. Бастарыңды тазқараның басындай етіп тақырлаңдар,Өйткені балаларың жер аударылып әкетіледі+”.

Сілтемелер

Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
“Михаел” (мағынасы “Құдай сияқты кім бар?”) немесе “Микаях” (мағынасы “Ехоба сияқты кім бар?”) деген есімнің қысқарған түрі.