Миха 2:1—13
2 “Қиянат жасауды жоспарлайтындар,Төсекте жатып, зұлымдық ойластыратындар қасіретке қалады!
Қолдарында күш болғандықтан,Таң атысымен мұнысын жүзеге асырады+.
2 Олар біреудің егістігін ұнатып, оны тартып алады+.
Біреудің үйіне көз салып, оны иеленіп алады.
Алдап-сулап адамды өз үйінен,Оны мұралық меншігінен айырады+.
3 Сол себепті Ехоба мынаны айтады:
—Мен де бұл халыққа апат жіберуді ойластырудамын+, одан ешкім қашып құтылмайды+.
Бұдан былай көкірек керіп жүрмейсіңдер+, өйткені ол қиын-қыстау кез болмақ+.
4 Сол күні жұрт сендер туралы нақыл сөз айтады,Бастарыңа түскен қасіретке зар еңіреп жылап+:
“Біз құрып біттік+!
Ол халқымның меншігін басқа біреуге берді; оны бізден тартып алды+!
Танабымызды опасыз жаудың қолына берді”,— дейді.
5 Сондықтан Ехобаның қауымында жеріңді бөлетін,Өлшеуіш жіпті тартатын ешкім болмайды.
6 Олар: “Уағыздауды тоқтатыңдар!
Бұл нәрселер туралы уағыздамаңдар,Біз масқараға қалмаймыз!”— деуде.
7 Уа, Жақыптың үйі, халқың:
“Ехобаның рухы шыдамсыз болып қалған ба?
Ол шынымен осылай істемек пе?”— деп жүрген жоқ па?!
Тура жүріп-тұратындарға менің сөзім жақсылық әкелмей ме?!
8 Соңғы кезде өз халқым маған жау сияқты қарсы шықты.
Сендер шайқастан қайтқан адамдардай алаңсыз өтіп бара жатқандарданҮстіндегі киімдерін әшекейлерімен қоса* ашықтан-ашық сыпырып аласыңдар.
9 Сендер халқымның ішіндегі әйелдерді жайлы үйлерінен қуып,Балаларынан менің зор баталарымды біржола алып қойып жатырсыңдар.
10 Тұрыңдар, кетіңдер, мұнда тыныштық жоқ.
Арамданғандықтан+ бұл жер күйреп, тас-талқаны шықты+.
11 Егер біреу бос әрі жалған нәрсенің соңынан қуып:
“Сендерге шарап пен ішімдік жайлы уағыздаймын”,— деп өтірік айтса,Мына халыққа керегі де дәл сондай пайғамбар болар еді+!
12 Уа, Жақып, сендерді сөзсіз жинап аламын!
Исраилдің тамтығын міндетті түрде жинаймын+.
Қорадағы қойдай, жайылымдағы отардай оларды біріктіремін+.
Сол жерден қалың жамағаттың қуанышты үні шығатын болады+.
13 Алдарында қабырға жаратын біреу жүріп отырады.
Олар қақпаны бұзып, сыртқа шығады+.
Патшасы алдарында жүреді,Ал көш басында Ехоба тұрады+”.
Сілтемелер
^ Мүмкін: “киімдерінен әшекейлерін”.